23 тамызда Атырау облысында аптап ыстық болады

АСТАНА. ҚазАқпарат - 23 тамыз күні Атырау облысының кей жерлерінде оңтүстік батыстан соққан  желдің ұйытқуы 15-20 м/с-ке жетуі мүмкін, күндіз 38 градусқа дейінгі аптап ыстық сақталады.

 Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.

Атырау қаласында 23 тамыз күні күндіз оңтүстік шығыстан соққан желдің жылдамдығы 15-18 м/с-ке жетуі ықтимал, аптап ыстық 34-36 градус шамасында болады.