ЕСІМДЕР
Б. Жанқадамов 1916 жылы қазақтан майдандағы тыл жұмысына адам алуды тоқтату жөніндегі Жайық сырты қазақтары делегациясы құрамында Петроградқа барды. Сол жылы қазан айында Қазан қаласында оқитын бір топ қазақ студенттерінің қатарында майдандағы тыл жұмысына алынғандарға, олардың үй-ішіне көмектесу жөнінде «Қазақ» газетіне хат жазды. 1917 жылы наурыз айында Ә. Бөкейханның шақыруымен қазақ оқығандары тобында Батыс майданға келіп, жігіттерді елге жеткізу ісін ұйымдастырды. 1917 жылы күзде ел ішіндегі ықпалды адамдардың ұсынуымен Жымпиты уездік земство басқармасы төрағалығына Жәленовпен баламалы негізде шарға (сайлау) түсіп, басым дауыспен төраға болды. Ол Земство жүйесін бірден-бір жергілікті билік органы деп біліп, оның демократтық негізде жұмыс істеп, халық шаруашылығы міндеттерін толықтай атқаруына күш жұмсады. М. Шоқай, Х. Досмұхамедов, И. Қашқынбаев, Б. Қаратаевтармен тығыз байланыста жұмыс істеп, Алашорданың үкімет ретінде танылуына зор үлес қосты. 1937 жылы сәуірдің 10-ында «белсенді алашордашы, халық жауы» ретінде тұтқындалды. Жауап алу кезінде Ж. Досмұхамедовты құрметтейтінін, А. Байтұрсыновтың, М. Жұмабаевтың талантына бас иетінін тайсалмай айтып, Батыс Алашорда құрамында болғанын жасырмағаны үшін 1937 жылғы желтоқсанның 2-де атылды. Қазақстан Республикасы Жоғарғы соты коллегиясының 1992 жылғы қыркүйектің 16-дағы ұйғарымымен ақталды.
Оңтүстік Қазақстан облысында туған. Құрманғазы атындағы Алматы мемлекеттік консерваториясын профессор К. Х. Қожамьяровтың класы бойынша бітірген. Маңғытаевтың шығармашылығының жанры әрқилы, ашық әуезділігімен айрықшаланады, оның ұлттық – бояулы мәнеріне вокалдық және халық-аспаптық ерекшеліктерді біріктіру тән. Маңғытаевтың мәнері әсіресе, «Қозы мен Баян» балетінде, «Арман», «Құлагер» симфониялық поэмаларында «Шексіз махаббат» ораториясында, «Ақсақ құлан», «Жайлауда», «Қаратау әуендері» сияқты хорға арналған поэмаларында, әндерінде анық із салған. Ұлы Абайдың өлеңіне жазылған «Не іздейсің көңілім», «Қалқам-ай, мен үндемей жүремін көп», «Өлсе – өлер табиғат, адам өлмес...» өлеңдеріне ән-романстар жазды. Сазгер жалпы саны үш жүзге таяу ән шығарды. Оның вокалдық-хор, аспаптық, симфониялық оратория-кантаталары, оркестрлік поэма-сюиталары, кинофильмдер мен спектакльдерге жазған шығармалары заман тынысын, өмір шындығын, дүние сұлулығын жырлайды. Ақан серінің «Қараторғай» әніне жазған вариациялары мен «Арман» атты симфониялық поэмасында, І.Жансүгіровтің «Құлагер» поэмасының желісіне жазған симфониясы мен «До-мажор» симфониясында, «Қозы Көрпеш-Баян сұлу», «Ақтолғай» симфониялық сюиталарында халық әуендерін шебер пайдаланған. Ал халық оркестріне арнап жазған «Көктем» поэмасы мен «Концерттік күй», «Ырғақты», «Төгілмелі» атты күйлері, төрт бөлімді «Аққудың айрылуы» деген топтамасы оның композиторлық мүмкіндігінің жаңа қырын ашты. «Қаратау әуендері», «Дала дауысы» , «Жайлауда» хор поэмалары мен хор сюиталары, «Ауыл тойы», «Елім менің» вокалдық-хореографиялық композициясын тыңдаушы қауым жылы қабылдады. «Ақан сері – Ақтоқты», «Сталинге хат», «Неке қияр», «Біздің үйдің жұлдыздары» спектакльдеріне, «Бәйшешек», «Көкжиек» кинофильмдері мен Қ. Сәтбаев туралы деректі фильмге, «Қожанасыр сәулетші», «Әулие есек», «Үш түлек» т.б. мультфильмдерге музыка жазды. «Құрмет» орденімен марапатталған.
1991 жылы В.И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын «экономист» мамандығы бойынша, Д.А. Қонаев атындағы гуманитарлық институтты «заңгер» мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1991 жылы «Геосистема» ҒӨК ӨҚБ экономист, басшы болып бастаған. 1991-1993 жылдары – «Галакси» брокерлік фирмасының бас бухгалтері. 1993-1998 жылдары» – Асетан» АК директордың орынбасары, директор. 1998-2003 жылдары – «Golden Grain» Агроөндірістік корпорациясы» ЖШС президенті, «Golden Grain Group» ЖАҚ президенті. 2003-2004 жж. – Астана қаласы тұрғын-үй департаменті бастығының міндетін атқарушы, департамент бастығы. 2004-2005 жылдары – Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымдарды басқару бөлімінің меңгерушісі. 2005-2007 жылдары – «Алматы жер» МКК директоры. 2007 жылдан бастап – «Қазақстанның Эксимбанкі» АҚ Басқарушы директоры. 2007-2009 жылдары – «Трест Средазэнергомонтаж» АҚ Басқарма Төрағасының орынбасары. 2009-2011 жылдары – Павлодар қаласының әкімі, 2011- 2016 жылдардағы кезеңде – Алматы қаласы туризм басқармасының бастығы. 2016- 2018 жж. – «Астық корпорациясы» ҰҚ» Басқарма Төрағасы. 2018 жылғы 25 мамырдан бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма бастығының міндетін атқарушы. 2018 жылғы 27 шілдеден бастап «Самұрық-Энерго» АҚ Басқарма Төрағасы. 2001 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Алматы қаласында туған. Қазақ туризм және спорт академиясын бітірген. Спортшы Қазақстан және КСРО жасөспірімдері арасындағы чемпионы, 100 метрге кедергілі жүгіруден Азияның қола жүлдегері, Азия чемпионы, 12-13-ші Азия ойындарының жеңімпазы, Әлем чемпионатының күміс жүлдегері, әлем чемпионы, жабық залда 60 метрге кедергілер арқылы жүгіруден әлем чемпионатының күміс жүлдегері, Олимпиада ойындарының чемпионы атанған. ҚР Парламенті Мәжілісінің VI шақырылымының депутаты. І дәрежелі «Барыс» , «Құрмет», ІІ дәрежелі «Достық» ордендерімен марапатталған, «Дарын» Мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты.
Қарағанды қаласында туған. Т.К. Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясын бітірген, кино және теледидар (1994). Еңбек жолы: актер, режиссер, жарнамалық роликтердің продюсері; «Сатайфильм» киностудиясының негізін қалаушы (2003); Astana Film Found компаниясының негізін қалаушы (2016). Қазіргі қызметінде – 2020 жылдың шілдесінен бастап. «Құрмет» орденімен марапатталған (2019). Қазақстанның киноиндустриясының үздік қайраткері, «Жылдың халық сүйіктісі» ұлттық сыйлығының лауреаты (2014), Қазақстан кинематографистер одағының «Құлагер» ұлттық сыйлығының лауреаты (2012), «Анаға апарар жол» толықметражды көркем фильмі үшін Қазақстан Республикасының әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (2018); «Алтын жұлдыз» сыйлығының бірнеше дүркін иегері; Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атағына ие болды (2013).