«Ұсталған күдікті Қызылорда облысының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Атырауда ол пәтерлерді тонаумен айналысқан. Ұсталған сәтте одан зергерлік бұйымдар мен тондар табылды. Әзірге оның 7 рет тонау қылмысына қатысы бары бұлтартпай дәлелденіп отыр. Тергеу амалдары жалғастырылуда», - деп нақтылады Г.Мұхтарова.
23:42, 01 Қаңтар 2015
24 жастағы қызылордалық Атырауда бірнеше пәтерді тонаған
АТЫРАУ. ҚазАқпарат - 31 желтоқсан күні Атырауда полиция қызметкерлері бірнеше пәтерді тонаған ұрыны ұстады, деп хабарлады ҚазАқпарат тілшісіне облыстық ІІД баспасөз қызметінің жетекшісі Гүлнәзира Мұхтарова.