ЕСІМДЕР
Ол қазіргі Павлодар облысы Баянауыл ауданының Желтау маңында дүниеге келген. Алғашында ауыл молдасынан оқып, хат таныды. Жас кезінен Ж.Шанин ұлттық ойын-сауықтар мен ән-күйлерге ынтық болып өскен. Әсіресе, Қоянды жөрмеңкесіне барып, халық думанын тамашалау - оның ой-қиялын қозғап, өнерге деген ынта-ықыласын арттырады. Туған нағашысы Алтыбайдан ән салып, домбыра тартуды үйренді. 1913 жылы Омбыға келіп, күнкөріс қамымен біраз уақыт зауытта жұмыс істейді. Мұнда С.Сейфуллинмен, Н.Нұрмақовпен және Б.Серкебаевпен танысады, әрі өз бетінше оқып білімін жетілдіреді. 1915-1916 жылдары есепшілік курста оқып бітіргеннен кейін зауытта есепшінің көмекшісі болып қызмет етеді. Осы жылдары алғаш рет қалалық театр спектакльдерін көреді. Бірақ көп ұзамай-ақ Ж.Шанин майдан жұмысына тартылады. Одан туған ауылына 1917 жылы оралды. Сол жылдан бастап Қарқаралының уездік кооперативінде есепші қызметін атқарды. 1921-1922 жылдары Павлодар уезі комитетінің мүшесі, 1922 жылы Зайсан уездік атқару комитетінің төрағасы, 1923 жылдан Семей губерниясы атқару комитетінің және Қазақ КСР ОАК мүшесі болып, тағы басқа да жауапты орындарда қызмет атқарған. 20-жылдары Семейде «Ес-аймақ» труппасын басқарды. Режиссерлік өнер жолын осы труппадан бастаған Ж.Шанин халық жыры негізінде жазылған өзінің «Арқалық батыры» мен С.Сейфулиннің «Қызыл сұңқарларын» қойды. Сонымен қатар өзі осы аталмыш спектакльдерде Арқалық батырдың және Еркебұланның рөлін орындады. Бір бөлімді «Торсықбай» комедиясы 1925 жылы Семейдің «Таң» журналында жарияланды. 1925 жылы ашылған Қазақ драма театрының директоры болумен қатар оның көркемдік жағын басқарған. 1926-1932 жылдары қазақ драма театрында ұлттық драматургиядан С.Сейфуллиннің «Қызыл сұңқарларын», С.Аблановтың «Күндеспейтін қатындар» мен «1910 жылын», Ж.Шаниннің «Болатын», І.Жансүгіровтің «Кегі» мен «Түрксібін», Б.Майлиннің «Майданын», М.Әуезовтің «Октябрь үшін» және классикалық туындылардан А.Пушкиннің «Тас мейманы» мен «Сараң серісін», У.Шекспирдің «Гамлетін», сонымен бірге өзі жазған «Торсықбай», «Арқалық батыр»(екі кешке арналған 2 бөлімді), «Айдарбек», «Баян батыр», «Өлімнен үмітке» («Шахта») тағы басқа шығармаларды қойған. 1932-1933 жылдары Қырғыз драма театрының бас режиссері болды. 1934 жылы ашылған музыкалық театрды (қазіргі Қазақтың опера және балет театры) ұйымдастыруға қатысып, Қ.Жандарбековпен бірге Е.Г.Брусиловскийдің «Жалбыр», «Қыз Жібек» пен «Ер Тарғынын» қойды. 1936 жылға дейін осы театрдың көркемдік жағын басқарған Ж.Шанин алғашқы музыкалық театр өнерінің қалыптасып дамуына да мол үлес қосты. 1930-1937 жылдары Орал музыкалық драма театрын ұйымдастырумен бірге оған басшылық жасаған. Ол бірқатар пьесалар («Жанды сурет», «Қара құлын», «Қозы Көрпеш - Баян сұлу», «Үш бажа») жазып, ұлттық драматургияны дамытуда жемісті еңбек етті.
Ж.Шанин шығармашылығын М.Әуезов, Қ.Сәтбаев, Ғ.Мүсірепов, тағы басқалар жоғары бағалаған. 1972 жылы Шымкент драма театрына Ж.Шаниннің есімі берілді.
3 мәрте «Құрмет белгісі» орденімен марапатталған.
Павлодар облысындағы Баянауылда туған. Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті.
1955-1985 жылдары «Социалистік Қазақстан» газетінде әдеби қызметкер, «Жұлдыз» журналының бөлім меңгерушісі, Қазақстан жазушылар одағы жанындағы әдебиетті насихаттау бюросының директоры қызметтерін атқарған. 1985 жылдан бастап шығармашылық жұмыспен айналысқан. Алғашқы әңгімелер жинағы «Баян» атты әңгімесі 1959 жылы жарық көрді. Бұдан соң «Ажал құрсауында», «Жұмбақ үй», «Бетпе-бет», «Соңғы тәулік» повесть, әңгіме, очерктер жинақтары, «Cұнқар самғауы», «Айқыз», «Жолдас комендант», «Көгілдір қазына», «Серт», «Арна» т.б. романдары басылды.
Қызыл Жұлдыз, Еңбек Қызыл Ту, І дәрежелі Отан соғысы, Құрмет ордендерімен, және көптеген медальдармен марапатталған.
Құлжа (ҚХР) қаласында туған. Құлжа әйелдер гимназиясын, Қазақ мемлекеттік университетін (қазіргі әл-Фараби атындағы ҚҰУ), Мәскеуде жоғарғы әдеби курсты бітірді. 40-тан астам жинақтың, оның ішінде «Балқұрақ» (1962), «Шындықты жазу» (1964), «Жастық» (1968), «Аққуым менің» (1971), «Қаракөз айым» (1973), «Баянжүрек» (1974), «Көзімнің қарасы» (1975), «Ақ бесігім» (1978), «Жарқыра, менің жұлдызым» (1980), «Қыран жеткен» (1985), «Тандамалы» (1986), «Сағыныш сазы» (1990), «Жапырақ сілкінген кеш», «Аңсау» (2001), «Аққу жүрек» (2001), «Жапырақтар жауғанда» (2002), «Алатаудың ақ батасы» (2005), «Таңдамалы» (2 том), «Тобылғы бүрлегенде» (2008) кітаптарының авторы. Орыс тілінде 7 кітабы жарық көрген: «Горсть земли» (Мәскеу қаласы, 1975), «Утверждение» (Мәскеу қаласы, 1985), «Струна степей» (Мәскеу қаласы, 1978),«Укрощение коня» (Мәскеу қаласы, 1985), «Художественная литература» (1985), «Летние росы», «Советский писатель». Өлеңдері мен поэмалары 40-тан астам шет тілдеріне аударылып, жарияланған. Өлеңдерінің көбі Қазақстан және басқа елдердің композиторларымен музыкаға салынған. Шетелдік журналдардың, антологиялар мен альманахтардың тұрақты авторы, оның ішінде «Молодая гвардия» (Мәскеу қаласы), «Поэзия антологиясы» (Париж қаласы), «Лотос» халықаралық журналы (Каир қаласы, 1973); неміс, француз, араб және басқа шет тілдеріндегі басылымдар. Қазақ, орыс және түрік тілдерін біледі.
1956-1958 жылдары - Құлжа қаласындағы қыздар гимназиясының оқытушысы. 1961-1968 жылдары - «Қазақ әдебиеті», «Учитель Казахстана» газеттерінде жұмыс істеген. Әлем қазақтарының көптеген халықаралық форумдарының, конференцияларының, съездерінің, мәжілістерінің, байқауларының, семинарларының, құрылтайларының белсенді қатысушысы. Мемлекет және қоғам қайраткері.
Қазақстан Жазушылар одағының басқарма мүшесі. ҚР Президенті аппаратының жанындағы Республикалық әйелдер құқықтары және демографиялық саясат жөніндегі кеңесінің басқарма мүшесі (1995-1998). Республикалық Әйелдер кеңесінің мүшесі (1991 жылдан). «Достық» халықаралық қоғамының басқарма мүшесі (1977-1998).
Алматы қалалық Халық депутаттары кеңесінің депутаты (1981-1985).
Қазақстан Жазушылар одағының мүшесі (1968 жылдан). «Құрмет белгісі» (1986), «Парасат» (1998) ордендерімен; көптеген медальдармен және грамоталармен; «Исламабад аспаны» өлеңдер мен романстар циклы үшін Пәкістан мемлекетінің Құрмет грамотасымен (1998) марапатталған. «Көгілдір Дунай» өлеңдер кітабы үшін Николай Васпаров сыйлығының (1979), «Аңсау» өлеңдер жинағы үшін ҚР Мемлекеттік сыйлығының (2002) лауреаты. Қазақ әдебиетіне қосқан қомақты үлесі үшін Кембридж университетінің «2007 жылдың халықаралық кәсіпқойы» атағына ие.
Берік Оралұлы 1978 жылы 25 тамызда Астанада дүниеге келген.
2000 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетін «Экономист» мамандығы бойынша бітірген. «Мемлекеттік және жергілікті басқару» мамандығы бойынша экономика ғылымдарының магистрі. Еңбек жолын 2000 жылы Ақмола облысының Көкшетау қаласында салық полициясы органдарында бастаған. Қазақстан Республикасының салық органдарында көп жыл еңбек еткен, Астана қаласы бойынша салық комитетінің ақпараттық жүйелерді енгізу және сүйемелдеу бөлімінің маманы болған. 2009 жылы Қарағанды облысы бойынша Салық департаменті бастығының орынбасары, содан кейін Астана қаласы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Сарыарқа ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасының басшысы болып істеген. ҚР Президенті Әкімшілігі басшылығы хатшылығы меңгерушісінің орынбасары болған. 2015 жылғы тамызда Қазақстан Республикасының Президенті Әкімшілігінің мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыс бөлімінің мемлекеттік инспекторы қызметіне тағайындалды.
2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Целиноград қаласында туған.
Білімі: жоғары, заңгер, экономист. Саяси ғылымдар кандидаты.
Еңбек жолын 1996 жылы ҚР ҚМ салық инспекциясында бастаған. 2000-2006 жж. Астана қаласы әкімдігінің жүйесінде түрлі қызметтер атқарған. 2006-2007 жж. ҚР Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру жұмысы бөлімінің бас инспекторы. 2007-2009 жж. Петропавл қаласы әкімінің бірінші орынбасары, Солтүстік Қазақстан облысы әкімі аппаратының басшысы. 2015-2016 жж. «Астана қаласы табиғат ресурстарын және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы» ММ басшысы.
2016 жылдың қазан айынан бастап қазіргі қызметінде.
Ол РФ Сыртқы істер министрлігінің Мәскеу мемлекеттік халықаралық қатынастар институтын (2002); Қазақ қаржы-экономикалық академиясын (2011) бітірген.
Еңбек жолы: «Қазақстан кабель компаниясы» ЖШС Ресей Федерациясындағы өкілдігінің менеджері (1998-2003); дипломатиялық қызметте (2003-2006); Маңғыстау облысы әкімі аппараты басшысының орынбасары (2006-2008); «Нұр Отан» ҰДП орталық аппараты хатшылығының меңгерушісі (2006-2008); «Самұрық-Қазына Келісімшарт» ЖШС басқарушы директоры (2010-2012); Қазақстан Республикасы Велосипед спорты федерациясының атқарушы директоры, вице-президенті (2010-2013); Қазақстан Республикасы Спорт және денешынықтыру істері жөніндегі агенттігі төрағасының орынбасары (2013-2014); Қазақстан Футбол федерациясының бірінші вице-президенті (2014-2015); «Астана ЭКСПО-2017» ҰК» АҚ атқарушы директоры (2015-2017); «ЭКСПО-2020 Дубай» бүкіләлемдік көрмесінде Қазақстан секциясының бас комиссары (2017-2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың қаңтарында кірісті.