28 қаңтарда Қазақстанда күн күрт суытады

АСТАНА. 27 қаңтар. ҚазАқпарат қазақстанда 1 облыста ауа температурасы күрт төмендейді, деп ескертеді ТЖМ баспасөз қызметі Қазгидрометке сілтеме жасап.

«28 қаңтарда Батыс Қазақстан, Атырау, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Ақмола облыстарында ауа температурасы 10-15, кей жерлерде 25 градусқа дейін төмендейді, ал 29 қаңтарда Павлодар Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде -25-30, кей жерлерде 35 градусқа дейін аяз болады, делінген хабарламада.