«Nur Otan» Саяси кеңесінің қаулысымен (Жарғының 9.4. тармағына сәйкес) партияның кезектен тыс XXI съезінің келесі күн тәртібі бекітілді:
1. Партия төрағасын сайлау туралы;
2. Жарғыға өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы;
3. Саяси кеңес құрамына өзгерістер енгізу туралы.
Еске салайық, 28 қаңтарда өтетін партияның кезектен тыс XXI съезіне 399 делегат сайланды.