ЕСІМДЕР
Алматы облысының Еңбекшіқазақ ауданында туған. Верный ер балалар гимназиясын, Қазан императорлық университетінің заң факультетін бітірген. 1917 жылдың Ақпан революциясына дейін Жетісу облысының Аягөз, Үржар заң орындарында қызметтер атқарып, Үржар уезі қазақ комитетінің төрағасы болды. 1-ші жалпықазақ съезі Аманжоловты Бүкілресейлік Құрылтай жиналысы депутаттығына бекіткен. Съезден кейін ол «Алаш» партиясының Жетісу өңіріндегі жергілікті ұйымдарын құруға белсене араласты. 1917 жылы 2-ші жалпықазақ съезі Аманжоловты Алашорда үкіметіне - Халық Кеңесіне мүше етіп сайлады. 1918 жылы Лепсі қаласында өткен Жетісу облыстық 2-ші қазақ съезінде облыстық кеңес мүшелігіне сайланып, Жетісуда және Шыңжаңның Шәуешек қаласында Алашорда жасақтарын құруға басшылық жасаған. Кеңес әскерлерімен болған шайқастарға қатысып, ауыр жарақаттанды. 1923-1930 жылдары Қазақ АКСР Заң халық комиссариаты жүйесінде қызмет атқарды. 1930 жылы Қазақстаннан кетуге мәжбүр болып, Мәскеуде, Бішкекте, Ташкентте жұмыс істеген.
Қазақ әдебиеті мен өнерінің он күндіктерінде, сондай-ақ концерттік сапармен барлық республикаларда, Қытай Халық Республикасында, Моңғол Халық Республикасында, Үндістанда болды. Ж.Елебековтің құрметіне Егіндібұлақ селосындағы музыкалық мектепке, көшеге оның есімі берілген. Ленин ордені, «Құрмет белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.
Оңтүстік Қазақстан облысының Отырар ауданында туған. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтын бітірген. 1952-1962 жылдары - мұғалім, орта мектептің оқу ісінің меңгерушісі, Келес аудандық партия комитетінің штаттан тыс насихатшысы, Аудандық комсомол комитетінің бірінші хатшысы, Оңтүстік Қазақстан облыстық комсомол комитетінің хатшысы, бірінші хатшысы, Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің хатшысы-бөлім меңгерушісі. 1962-1975 жылдары - Қазақстан ЛКСМ Орталық Комитетінің бірінші хатшысы, Торғай облыстық партия комитетінің хатшысы. 1975-1977 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің шетелдермен байланыс бөлімінің мегерушісі. 1977-1987 жылдары - Қазақ КСР мәдениет министрінің орынбасары, Алматы облыстық атқару комитеті төрағасының орынбасары. 1987-1988 жылдары Қазақ КСР мәдениет министрі, 1988-1991 жылдары - Қазақстан КП Орталық Комитетінің хатшысы. 1991 жылы зейнет демалысына шықты. «Арқас» қазақ тілі мен әдебиетін түлету қорының президенті болды. Үш мәрте Еңбек Қызыл ту орденімен, медальдармен марапатталған.
Жамбыл облысында дүниеге келген. 1964 жылы Алматы мемлекеттік медицина институтын (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) бітірген. 1964-1975 жылдары Қазақ онкология және радиология ғылыми-зертхана институтында стажер, кіші, аға ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі болды.
1976 жылдан Қазақ ұлттық медицина университетінде доцент, професор. 1995-2000 жылдары декан, кафедра меңгерушісі, 1995 жылдан ҚР Денсаулық сақтау агенттігінің бас маман-маммологы, 1999 жылы Қазақ ұлттық медициналық университетіне қарасты Маммология клиникасының меңгерушісі қызметтерін атқарды.
Тараз қаласында туған. Қазақ дене шынықтыру және спорт институтын бітірген. «Қайрат» футбол командасында және КСРО ұлттық құрама командасында ойнады. «Қайрат» Футбол клубы» АҚ вице-президенті, Қазақстан Республикасының шағын футбол қауымдастығының президенті, Дене шынықтыру және спорт клубы төрағалық комитетінің төрағасы, Дене шынықтыру және спорт клубының вице-президенті, Қазақстан футбол федерациясының балалар мен жасөспірімдерге арналған футболының жетекші маманы қызметтерін атқарған. 2007 -2013 жылдары Қазақстан футбол федерациясының вице-президенті. 2016 жылдың қарашасынан 2018 жылға дейін Қазақстан футбол федерациясының президенті болды.
Ресейдің Новосібір облысында туған. Қазақстанда 1960 жылдан бері тұрады. Қазақ мемлекеттік университетін және аспирантурасын бітірген. 1976-1988 жылдары - ҚазМУ-де ассистент, аға оқытушы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы кафедрасының доценті, деканның орынбасары, заң факультетінің деканы. 1988-1992 жылдары - АЖПМ, АМПУ доценті, ғылыми хатшысы, аға ғылыми қызметкері. 1992 жылы - КИПЭП ұлттық қатынастар және мемлекеттік құрылыс кафедрасының доценті. 1992-1995 жылдары - ҚР Конституциялық сотының судьясы. 1995-1998 жылдары - ҚазМЗУ мемлекет және құқық теориясы кафедрасының меңгерушісі. 1998-1999 жылдары «Қазатомөнеркәсіп» Ұлттық атом компаниясы заң қызметінің жетекшісі. 1999 жылғы ақпаннан - «Әділет» Жоғарғы құқық мектебі заң академиясының оқу жұмыстары жөніндегі проректоры және ҚазМЗУ профессоры. ҚР Президенті жанындағы Адам құқықтары жөніндегі комиссия жанындағы сарапшылық кеңес мүшесі, «Сорос-Қазақстан» қорының сарапшысы болды. Әртүрлі заңдар мен басқа да нормативтік құқықтық актілерді әзірлеуге және сараптауға қатысты. 2006 жылғы наурыздан - ҚР Парламенті Мәжілісі жанындағы Қоғамдық сарапшылар палатасының мүшесі. Саяси және құқықтық ілімдер тарихы, мемлекет және құқық теориясы мен тарихы проблемалары, конституциялық және азаматтық құқық жөніндегі жарияланған 220 жұмыстың авторы. «Заң саласындағы жыл профессоры» медалімен, А.Байтұрсынов атындағы медальмен марапатталған.
Шымкент облысы, Келес ауданы, Абай ауылында туды. 1981 жылы С.М. Киров атындағы ҚазМУ заң факультетін «Құқықтану» мамандығы бойынша аяқтап, сол факультеттің ауыл шаруашылығы және экологиялық құқық кафедрасына ассистент қызметіне жұмысқа қалды.
1988 жылы заң ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін «Суармалы жерлерді ұтымды пайдалануды құқықтық қамтамасыз ету» тақырыбында кандидаттық диссертация қорғады.
1997 жылы «Қазақстан Республикасындағы жер құқық қатынастары» тақырыбында докторлық диссертациясын сәтті қорғады.
1981-2001 жылдар аралығында әл-Фараби атындағы ҚазҰУ университетінде ассистент, аға оқытушы, доцент, профессор, кафедра меңгерушісі, факультет деканының орынбасары, заң факультетінің деканы, экономика және құқық институты директорының орынбасары, директоры қызметтерін атқарды.
2001 жылдың қыркүйегінен 2008 жылдың сәуір айына дейін М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде ректор қызметін атқарды.
2008 жылдың сәуірінен 2016 жылғы сәуірге дейін І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университетінде ректор қызметін атқарды.
2016 жылғы наурыздан қазіргі қызметінде.
«Құрмет, «Парасат» ордендерімен, медальдармен марапатталған. Қазақстан Республикасының құрметті білім беру қызметкері.
Ол Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін бітірген, саясаттанушы (2003).
Еңбек жолын «Рухани келісім конгресі» халықаралық қоғамдық қорының филиалынан бастаған; Астана қаласы ішкі саясат департаментінде бас маман, талдау және мониторинг бөлімі басшысының орынбасары (2003-2006); Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің талдау және стратегиялық жоспарлау департаменті директорының орынбасары, директоры (2008-2010); Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Тіл комитеті төрағасының орынбасары (2010-2014); «КазМедиа Орталығы» АҚ бас директорының орынбасары (2014-2017); «Орталық коммуникациялар қызметі» республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысы (08.2017-05.2018).
Қазіргі лауазымын атқаруға 2018 жылдың мамырында кірісті.