28 желтоқсанда Нұр-Сұлтан мен Шымкент қалаларында ауа сапасының ластануы күтіледі.
Синоптиктердің болжамынша, Ақтөбе, Алматы, Қарағанды, Балқаш, Тараз, Теміртау және Өскемен қалаларында жағымды метеорологиялық жағдай қалыптасады.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар - атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.