29 АҚПАН, ДҮЙСЕНБІ
29ақпан - Кібісе күні. 2016 жыл - кібісе жыл. Яғни төрт жылда бір келетін, 366 күнге созылатын жыл. Бұл - біздің заманымыздың 2012 жылы, III мыңжылдықтың 12-жылы, XXI ғасырдың 12-жылы, XXI ғасырдың ІІ онжылдығының 2-жылы.
ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР
24 жыл бұрын (1992) Ташкент қаласындағы Халықтар достығы сарайында Қазақстан мен Өзбекстан ақындарының айтысы өтті. Айтыстың бас жүлдесі Қазақстан ақыны Әсия Беркеноваға берілді.
156 жыл бұрын (1860) Герман Холлерит алғашқы электр есептеуіш машинасын - қазіргі калькулятордың алғашқы нұсқасын ойлап шығарды.
108 жыл бұрын (1908) голландық ғалымдар қатты гелийді алды.
4 жыл бұрын (2012) Ақордада Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың төрағалығымен Қазақстан Республикасы Ұлттық қорын басқару жөніндегі Кеңестің отырысы болып өтті. Отырыс барысында Ұлттық қорды одан әрі дамытудың және басқару тиімділігін арттырудың өзекті мәселелері талқыланды.
ЕСІМДЕР
1932 жылы 29 ақпанда Грузияның Люксембург елді мекенінде (1944 жылдан - Болниси қаласы) туған. ХІХ ғасырда Швабиядан қоныс аударған немістер іргесін қалаған ауылда туып өскен. Әкесі 1938 жылы тұтқындалды, туыстары қуғын-сүргінге ұшырады. 1941 жылы үлкен отбасының қалған ұрпақтары Қазақстанға күштеп қоныс аударылды. 1963 жылы ол Алтай ауыл шаруашылығы институтын бітірді. 1956-1959 жылдары Павлодар облысының Успен ауданында «Қазақ КСР-нің 30 жылдығы» ұжымшарының зоотехнигі болды. 1959 жылы осы ұжымшардың төрағасы болды, оның басшылығымен ұжымшар 1961 жылы тәжірибелік алдыңғы қатарлы шаруашылыққа айналды. 8-шақырылған КСРО Жоғарғы Кеңесінің және 10-шақырылған Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланды. 1966 жылы 22 наурызда КСРО Жоғарғы Кеңесі Төралқасының Жарлығымен мал шаруашылығын дамытуда, ет, сүт, жұмыртқа, жүн басқа да өнімдер өндіру мен дайындауды арттыруда қол жеткен табыстары үшін Социалистік Еңбек Ері атағы беріліп, «Орақ пен Балға» алтын медалі мен Ленин ордені қоса тапсырылды. 1981 жылы екінші Ленин орденімен, Октябрь революциясы (1976) және Еңбек Қызыл ту (1971) ордендерімен және медальдармен марапатталған. КСРО Министрлер Кеңесі сыйлығының лауреаты (1978). Константиновка аулында тұрды. 1984 жылы қайтыс болды.
Семей қаласында туған. Орта білімді Абай ауданындағы Қарауыл ауылында алған. Сол жылы С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің тарих факультетіне түскен. Жоғары оқу орнын 1973 жылы «тарихшы, тарих және қоғамтану оқытушысы» мамандығымен бітірген. Еңбек жолын 1978 жылы Семей ет және сүт өнеркәсібі технологиялық институтында қоғамдық ғылымдар кафедрасында зерттеуші болып бастады. 1981 жылы ҚазМУ аспирантурасында оқып, 1984 жылы ақпанда тарих ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алу үшін диссертациясын қорғады. 1984-1996 жылдары - осы жоғары оқу орнында ассистент, аға оқытушы, доцент, факультет деканының орынбасары, кафедра меңгерушісі, профессор, проректор болып қызмет атқарды.
1996 жылы Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры болып тағайындалды. 1999 жылы 15 қазанда «Қазақстан Ресей Федерациясының құрамында (1917-1937жж.) тақырыбында докторлық диссертациясын қорғады. 2001 жылы 25 қазанда профессор ғылыми атағы берілді, 2003 жылы Педагогика ғылымдары халықаралық академиясының академигі, 2005 жылы Ы.Алтынсарин атындағы Қазақ білім академиясының академигі, Қазақстан Ұлттық жаратылыстану ғылымдары академиясының академигі болып сайланды. 2004 жылғы сәуірде жаңадан құрылған Семей мемлекеттік педагогикалық институтының ректоры, 2008-2011 жылдары Шәкәрім атындағы Семей мемлекеттік университетінің ректоры. 2011 жылғы 26 шілдеде ҚР Президентінің Өкімімен Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің ректоры қызметіне тағайындалды.
Жүзден астам ғылыми-әдістемелік мақалалардың, 3 оқу құралының, 4 монографияның авторы. ҚР Ұлттық кеңесінің мүшесі.
«Парасат» орденімен, «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10 жыл», «Қазақстан Республикасы Конституциясына 10 жыл» мерекелік медальдарымен, Ыбырай Алтынсарин және А.Байтұрсынов атындағы медальдармен марапатталған, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», Шығыс Қазақстан облысының құрметті азаматы.
64 жыл бұрын (1952) Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қатимолла Бердіғалиев Орал облысы Қазталов ауданында, Тереңкөл ауылында дүниеге келген. Осы аудандағы Алма Оразбаева атындағы орта мектепте білім алған. 1975 жылы Орал қаласындағы Құрманғазы атындағы музыкалық училищені бітірген.
1977 жылдан Казталов аудандық мәдениет үйінде қызмет етеді. Қатимолла - табиғи талант иесі. Оның кең диапозонды, әдемі де ырғақты дауыспен салған әндері тыңдаушы жүрегін еріксіз елең еткізіп, жүрегінен жол табады. Оның репертуары өте бай. Қазақтың халық әндері, Мұхиттың, Ғ. Құрманғалиевтің кең тынысты қажет ететін әндерімен қатар, терең философиялық мән-мағынаға толы өткен ғасырлардың Бұхар, Базар, Қашаған т. б. көптеген жыраулардың терме жырлары, халық композиторларының әндері бар.
Қатимолла Бердіғалиевтің өнерін облыс, республика жұртшылығы жақсы біледі. Ол бірнеше дүркін Бүкілодақтық, Республикалық байқаулардың лауреаты. Жыл өткен сайын Қатимолланың шеберлігі шыңдалып, өнері өсіп жаңа қырынан көрінуде.
1987 жылы Ұлы Қазан төңкерісінің 70 жылдық торқалы тойына арналған Орал облыстық ақындар айтысына, Қазталов ауданының бас ақыны ретінде қатысып, үлкен ақындық өнер танытты. Алғаш рет айтысқа түскендігіне қарамастан ол сөзге жүйріктігін көрсетті. Аяқ асты тосын қойылған сауалдарға табанда орынды жауап беріп, әзіл-оспағы мен әділ сыны мол сөз саптаулары айтыс ақындығының мол көзі ашыла бастағанын байқатты.
Сөйтіп, ол әріптестерінен көш бойы озыр шығып, «Облыс ақыны» деген құрметті атаққа ие болды.
Өнер алды - қызыл тіл демекші, бүгінде жыр көшінің жетегінде келе жатқан, кейінгі жас балауса ақындардың өнерге жол сілтер ұстаз-ағалары ретінде көріне білген Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қызметкері Қатимолла Бердіғалиев аз уақыт ішінде Республиканың халқына танылып үлгерді. Қатимолланы тек Қазақстан ғана емес Ресей, Моңғол, Қырғыз, Өзбек республикаларының ақындары құрмет тұтады.
1989 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында І орынды иеленсе, қазан айында Алматыдағы ақындар айтысында Моңғолияның ақыны Мұхамедиқызы Егеуханмен айтысып ІІ орынды жеңіп алды.
1990 жылы Алматы қаласындағы Наурыз айтысында ІІ орынды қанжығасына байласа, 1991 жылы Ақтөбе қаласында өткен ақындар айтысында І Орынды жеңіп алып, көп кешікпей 1992 жылы Тама Есет Батырдың мерей тойындағы айтыста бас жүлдені жеңіп алды. Сол жылдың қазан айында Қызылорда облысының, Қазалы ауданында өткен ақындар айтысында І орынды иеленді.
Қатимолла қай айтыста болмасын өзінің суырып салма өткір де ұтқыр сөзімен қарсыластарын әркез бет қаратпай, мәртебесі жоғары түсіп отырады.
1991 жылы Қаратөбе ауданы Мұхит совхозында өткен әнші, сазгер сал Мұхиттың 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында І орынды, 1992 жылы Оралда өткен Сырым Датовтың 250 жылдық тойында да І орынды жеңіп алды.
1993 жылы өткен Көкшетау қаласында Ақан Серінің 150 жылдық мерей тойындағы ақындар айтысында бас жүлдені, сол жылы Қызылорда облысының Жалағаш ауданында өткен Бұхарбай батырдың тойында тағы да бас жүлдені жеңіп алды. 1993 жылы Торғай облысында Шақшақ Жәнібектің мерей тойында бас жүлдені қанжығасына байлады.
Қатимолла Бердіғалиевтің өлеңдері Орал өңірі, Жалын баспалары мен республикалық газеттерде жиі-жиі жарияланып тұрады.
«Жүзден жүйрік» шыққандар атты кітапшасында өмір жолдары мен айтыс өлеңдері басылып шықты.
Қатимолла Бердіғалиев айтыспен қатар бірнеше дүркін жыршы, термешілердің облыстық, республикалық, халықаралық байқауларына қатысып лауреат атанды. Соның бірі 1997 жылы қазан айында Алматы қаласында өткен Мұхтар Әуезовтің 100 жасқа толу мерей тойында «Мұхтар Әуезов және ұлы дала музыкасы» атты халықаралық фестивалға қатысып лауреат атанды.
Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген мәдениет қызметкері Қатимолла Бердіғалиевтің жастарға үйретер ақындық өнері мол. Бүгінде Қатимолла Орал облыстық филармониясында қызмет етеді.