Осы мерзім ішінде пластикалық карточкалармен 211 667 мың теңге аударылды, кедендік төлемдерді пластикалық карточка арқылы аудару 100пайызға жетті. Бұл туралы Жамбыл облыстық кедендік бақылау департаменті хабарлады.
Департамент мәліметтеріне қарағанда, 2010 жылдың сәйкес мерзімінде кеден бекеті бюджетке 191 446 мың теңге түсірген болатын, ал пластикалық карточкалар арқылы 113 574 мың теңге салынды.