Бұл туралы Қазгидромет хабарлады.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Павлодар, Қызылорда, түнде Маңғыстау, Атырау, күндіз Ақмола облыстарының кей жерлерінде жел 15-23 м/с күшейеді, Қызылорда облысында шаңды дауылмен. Алматы облысының Жалаңашкөл ауданында желдің 15-20 м/с күшеюі күтіледі. Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман күтіледі. Түнде Алматы, Жамбыл облыстарының кей жерлерінде 1-6 градус үсік сақталады.
Қызылорда облысында, Оңтүстік Қазақстан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қаупі сақталады.