Ол лауазымды тұлға бола тұра, ағымдағы жылдың 22 шілдесінде азамат М. Мұстафағалиевтан қарызды өндіріп алу мерзімін ұзарту үшін 30 мың теңге көлемінде пара алған.
Сот үкімімен Е. Саятов ҚР ҚК-нің 366-бабы 2-бөлігіне сәйкес кінәлі деп танылды. Оған 1800000 теңге көлемінде айыппұл түріндегі жаза тағайындалды. Сонымен қатар, оның жеке мүлкі тәркіленіп, мемлекеттік қызметте және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында лауазымды қызмет атқару құқығынан өмір бойына айрылды.
Үкім заңды күшіне енген жоқ.