ЕСІМДЕР
Павлодар облысы Баянауыл ауданында туған. Жастайынан халық музыкасымен, ауылға келіп-кетіп жүрген әнші-күйшілер өнерімен танысады. Өзі де ән салып, домбыра тартады. 1851 жылы Қызылжарға (қазіргі Петропавл) келіп, орыс тілін үйренеді. Ол домбыра, қобыз тартумен қатар, сырнай мен скрипка ойнауды да меңгереді. Қаладағы оркестрлердің, әншілердің орындауындағы концерттерді қызыға тыңдайды. Бұл оның музыкалық-эстетикалық талғамын қалыптастыруда үлкен рөл атқарды. Жаяу Мұсаның Шоқан Уәлихановпен бірге жүруі, Ыбырай Алтынсариннің өлеңіне («Кел, балалар, оқылық») ән шығаруы, өлеңмен күнделік жазуы, Абайға өлең арнауы, Л.Н.Толстой кейіпкерінің атын баласына қоюы оның заман лебін терең сезінгендігін байқатады.
1854 жылы Омбы қаласындағы орыс мектебінде оқыған. Осындағы кітапханадан Санкт-Петербург, Мәскеу, Қазан, Орынбор, Ақмола, тағы басқа қалаларда шығатын газет-журналдармен, кітаптармен танысады. Жаяу Мұсаның тырнақалды туындысы «Қыздар-ай» Омбыда дүниеге келді. Ол туған ауылына сауатты азамат, музыкалық аспаптарда шебер ойнайтын өнерпаз болып оралады. Келе ауыл өміріне қызу араласты. Әкімдердің, би-болыстардың парақорлығын әшкерелеп, әсіресе, Баянауылдың аға сұлтаны Мұса Шорманов пен оның інісі Мұстафаның зорлық-зомбылығын айтып Омбы генерал-губернаторына шағым жазады. Сол үшін ағайынды Шормановтар оның астындағы атын тартып алып, «жаяу» атандырды. Осы тұста шығарған «Ақсиса» әнінде әлеуметтік теңсіздікке наразылығын білдіреді. Билігі жүріп тұрған Шормановтар әртүрлі жала жауып, 1860 жылы оны Тобылға 12 жылға жер аудартқан. «Сүйіндік», «Тұтқын зары» әндері осы кезде шыққан. Тұтқында 2 жыл болғаннан кейін өзі сұранып әскерге кетеді. Оны Литвада Орталық Азия жорығына дайындалып жатқан Г.Черняевтің отрядына жібереді. 1863-1865 жылдары осы отрядтың жүк батальоны құрамында Шымкент, Әулие-ата (Тараз), Верный (Алматы) жорығына қатысқан. Черняевтің халыққа көрсеткен зорлығына қатты наразы болып, туған ауылына оралады. Оған ата жаулары елде де тыныштық бермей, қайта қуғынға салған. Жергілікті халықтың ауыр тұрмысын, билеушілерден көрген зорлық-зомбылығын айтып түсіндіру үшін ол Санкт-Петербургқа аттанады. Бірақ одан да қолдау таба алмаған соң, Латвияда, Польшада болып, соңынан Қазанға келіп аялдайды. Жаяу Мұсаның әншілік, композиторлық өнері халық музыкасымен тығыз байланыста дамыды. Сол тұста өмір сүрген Тоқсанбай, Жанақ, Түбек, Көтеш, Жаңабай сынды ақын-жыршылардың дәстүрлерін үлгі тұтып, жаңалыққа құлаш ұрды. Жаяу Мұсаның әлеуметтік теңсіздікті әшкерелейтін «Ақсиса», «Хаулау», «Шормановқа», «Толғау», «Бұзау зары», «Тұтқын зары», «Сүйіндік», туған жер табиғатын суреттейтін «Баянауыл», «Жаздың күні», «Жазда», «Ұлытау», «Сарын»; аңшылық-саятшылық туралы «Тұрымтай», «Қаршыға», «Көгершін», күлдіргі «Құлбай», «Қазан қыздары», махаббатты жырлайтын «Сұрша қыз», «Шолпан», «Сәулем қыздар», «Гауһар қыз», «Ләйлім»; өмірлік серігі Сапарға арналған «Келдім, Сапар, басыңа» атты әндері бар.
Сондай-ақ ол лирикалық сипаттағы «Қыз күйі», «Қыз бала күйі», «Қызқарқара», «Қамшылау» сияқты күйлердің де авторы. Жаяу Мұсаның музыкалық шығармалары халықтың әншілік-орындаушылық дәстүрі, сондай-ақ қала әсерінен пайда болған марш, би ырғағындағы туындылар негізінде дамыған. Жаяу Мұсаның әндерінде қазақ халық әндерінде аса сирек кездесетін құбылыс - классикалық музыканың формасын құрайтын ерекшеліктер «Ақсиса», «Ескендір», «Тұрымтай» әндерінен анық байқалады. Жаяу Мұса композитор, әнші ғана емес, өз әндеріне лайықтап, өлең шығарған ақын. Көптеген мысқыл өлеңдерімен қатар «Шал мен торғай», «Бөдене мен қаншыр» атты мысалдары да бар. Жаяу Мұса көңілге түйгендерін орысша, қазақша қағазға түсіріп отырған. Қазақ қоғамының әлеуметтік. істеріне белсене араласып, ұлт мәдениетіне елеулі үлес қосқан. Көптеген колжазбалары Алматы, Қазан, Санкт-Петербург, Омбы мұрағаттарынан табылған. Оның әндері мен күйлерін алғаш нотаға түсіріп, жазып алғандар - А.Затаевич, А.Жұбанов, Б.Ерзакович, М.Лалинов; әндерін айтып берушілер - Қ.Бабақов, Қ.Байжанов, Ә.Қашаубаев, Қ.Лекеров, Ж.Елебеков және Жаяу Мұсаның баласы Салық Мусин. Оның музыкалық мұрасын қазақ композиторлары опера («Қыз Жібек», «Ер Тарғын», «Біржан - Сара», «Бекет»), симфония, эстрада жанрларында пайдаланған. Жаяу Мұсаның әндері қазіргі әншілердің репертуарынан орын алды. Әнші бейнесі көркем шығармаларда, З.Ақышевтің «Жаяу Мұса» романында сомдалған.
Ташкент қаласында туған. Мәскеу мемлекеттік университетінің тарих факультетін, КСРО Ғылым академиясы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1956-1962 жылдары Қазақ КСР Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының ғылыми қызметкері болған. 1963 жылдан М.Әуезов әдеби-мемориалдық мұражайының, «Әуезов үйі» мұражайының директоры қызметтерін атқарды. Ғалымның негізгі ғылыми еңбектері Қазақстан тарихына, Қазақстанда жер шаруашылығының дамуына, М.Әуезов шығармашылығындағы Қазақстан тарихының мәселелеріне арналған.
Алматы қаласында туған. Алматы музыкалық училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1976-1979 жылдары Қазақ филармониясының, 1978-1996 жылдары Қазақ опера және балет театрының әншісі болған. 1997 жылдан бастап «Әлібек Дінішев театры және вокал академиясын» құрып, соған басшылық жасауда.
Ол театр сахнасында Ленский (Петр Чайковскийдің «Евгений Онегинінде»), Владимир (Александр Бородиннің «Князь Игорінде»), Айдар (Ахмет Жұбанов пен Латиф Хамидидің «Абайында»), Төлеген (Евгений Брусиловскийдің «Қыз Жібегінде») т.б. партияларды орындап, халыққа концерттік-орындаушылық қызметімен де кеңінен танылды. Оның репертуарында қазақтың халық әндері, халық композиторларының әндері, сонымен қатар шетел композиторларының да шығармалары бар. «Парасат» орденімен, медальмен марапатталған.
1971-1976 жылдары В. И. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтында білім алды.
1976 жылы қыркүйектен 1989 жылдың қазанына дейін Қазақ политехникалық институтында инженер, кіші ғылыми қызметкер, аға ғылыми қызметкер, проблемалық ғылыми-зерттеу лабораториясының меңгерушісі болып қызмет атқарды. 1989 жылы қазаннан 1997 жылдың ақпан аралығында ҚР Үкіметінің жанындағы Мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру және қайта даярлау институтында кафедра меңгерушісі, проректор және бірінші проректор лауазымдарында еңбек етті. 1977 жылы ақпанда ҚР Сыртқы істер министрлігінің қарамағына ауысып, Түрік Республикасындағы ҚР Елшілігінің кеңесшісі (Түркия, Анкара қаласы) болып тағайындалды. Онда 1999 жылдың шілдесіне дейін жұмыс істеді. 1999-2001 жылдары «Nokia Networks OY» фирмасында кеңесші (Түркия, Анкара қаласы) болып істеді. 2001 жылдың қаңтарынан 2004 жылдың желтоқсанына дейін Орталық Азия университеттерінде экономикалық және бизнестік білім беруді қолдау» атты («CARANA» фирмасы) USAID (АҚШ) жобасының басшы орынбасары, директоры лауазымдарында болды. 2001 жылдың желтоқсанынан 2013 жылдың қыркүйегіне дейін «КазРЕНА» Қазақстанның ғылыми және білім беру компьютерлік желісін пайдаланушылар қауымдастығының бас директоры қызметін атқарды. 2013 жылдың қыркүйегінен 2014 жылдың ақпанына дейін ҚР Президенті Архиві директорының орынбасары, Қазақстан Республикасы Президентінің 2014 жылғы 5 ақпандағы № 265 өкімімен ҚР Президенті Архивінің директоры болып тағайындалды.
Алматы қаласында туған. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген, филолог, араб тілінің, қазақ тілі мен әдебиетінің оқытушысы. 1990 жылдан - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінде оқытушы. 1992 жылдан ҚР СІМ аймақтық басқармалары мен департаменттерінде түрлі қызметтер атқарды. 2006 жылдан - ҚР-ның Дубай қаласындағы бас консулы. 2007-2014 жылдары Қазақстанның Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті Елшісі.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001), «Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен марапатталған.
Білімі жоғары, И.Губкин атындағы Мәскеу мемлекеттік мұнай және газ академиясын, Қазақ мемлекеттік басқару академиясын, Ресей Сыртқы істер министрлігі жанындағы "Халықаралық қатынастар университеті" Мәскеу мемлекеттік институтын, тау-кен инженері, экономист, халықаралық қатынастар маманы, әкімшілік іскерлік жөніндегі шебер мамандықтары бойынша бітіріп шыққан. Қазақ, орыс, түрік, ағылшын тілдерін еркін меңгерген. Еңбек жолын Ақтөбе облысы, Қандыағаш стансасында электр шебері болып бастаған. 1993-1995 жылдары - Мәскеу қаласындағы "Гили-Паскер" ЖШС-ында мұнай өнімдері жөніндегі аға сарапшы, бөлім бастығы, бас директор. 1995-1996 жылдары - Алматы қаласындағы "Отырар Лтд" шағын кәсіпорны бас директорының орынбасары. 1996-2006 жылдары - "Қазақтүрікмұнай" ЖШС-ында маркетинг жөніндегі инженер, мұнай және мұнай өнімдерін сату, маркетинг бөлімінің бастығы, бас директор. 2006 жылдың ақпан айынан бастап "ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" АҚ-ның атқарушы директоры. 2006 жылдың тамыз айынан ҚР Энергетика және минералды ресурстар министрлігі мұнай өнеркәсібі департаментінің директоры болып істеген. 2007 жылдың қыркүйегінен 2010 жылдың сәуір айына дейін - Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары. 2010 жылдың сәуір айынан 2012 жылдың қаңтарына дейін - облыс әкімінің бірінші орынбасары. 2012 - 2016 жылдары Батыс Қазақстан облысының әкімі болды.
Қазіргі қызметінде 2016 жылдың наурыз айынан бері.
«Құрмет» орденімен марапатталған.
Қарағанды қаласында туған. Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде оқыды. 500 метрге жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогында (Германия, 2008 жыл) 2-орын; 500 метрге жүгіруден жастар арасындағы әлем кубогында (Голландия, 2009 жыл) 2-орын; 1000 метрге жүгіруден ХХІ қысқы Олимпиада ойындарында (Ванкувер, Канада, 2010 жыл) 16-орын; 500 метрге жүгіруден жастар арасындағы Әлем кубогында 1-орын, 1 000 метрге жүгіруден 1-орын (Берлин, Германия); 500 метрге жүгіруден жастар арасындағы Әлем чемпионатында 1-орын (Мәскеу, Ресей) алды.
Үш Олимпиадаға қатысқан (Ванкувер-2010, Сочи-2014, Пхенчхан-2018).