Бұл туралы БАҚ өкілдеріне аймақтағы бастамашыл топтың мүшесі, Павлодар мемлекеттік университетінің ректоры Ерлан Арын мәлім етті. Ол қол жинау науқаны кәсіпорындар мен аудан ауылдарында белсенді түрде жүргізілгенін атап өтті.
«Полония» поляк этномәдени бірлестігінің төрағасы Виталий Свинцицкий бұл ҚР Президенті Н.Назарбаевқа бүкіл халық болып қолдау білдірудің көрінісі екенін айта келіп, қол жинау науқанының ауқымды болғанын жеткізді.