Сенат Төрағасы Президент Н.Назарбаевтың «Әлем. XXI ғасыр» манифесінің негізгі мәселелеріне жүздесушінің назарын аударды. Қ.Тоқаевтың пікірінше, бұл құжаттың ерекше мәні бар, өйткені, саясаткерлер мен әлем жұртшылығын күллі адамзатқа жаһандық тұрғыда ажал әкелетін қақтығыстар қаупінен арылту үшін кезек күттірмес және тиімді шаралар қабылдауға шақырады.
Қ.Тоқаев 31 мамырдағы «Діндер терроризмге қарсы» халықаралық конференция, сондай-ақ 1 маусымдағы Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезі хатшылығының XV отырысы туралы да хабардар етті.
Митрополит Сенат Төрағасына Орыс православ шіркеуінің діни-ағарту шаралары туралы әңгімеледі.