Күдікті 17 мамырда жедел іс-шара өткізу барысында Ақтөбедегі пәтерлердің бірінде қылмыс үстінде ұсталды. Оны тінту кезінде 30 000 теңге көлемінде ақша алынды. Ол 19 жасар қыздың қызметін ұсынған.
Өткізілген жедел-тексеру шараларын әрі қарай жалғастыру барысында анықталғандай, күдікті әйел соңғы 3 ай бойы 16-20 жастағы жас қыздарды жезөкшелікпен айналысуға итермелеген.
Бүгінгі күні полицияға 14 арыз келіп түсті, барлық фактілер бойынша ҚР ҚК-нің 132 бабының 1 бөлімімен (Кәмелеттік жасқа толмағандарды жезөкшелікпен айналысуға итермелеу және жеңгетайлық) қылмыстық іс қозғалды. Күдіктіге қатысты бұлтартпау шарасы ретінде ешқайда кетпеу жайлы қолхат берілді.
Сонымен қатар оның 3 сыбайласы - 2 әйел, бір ер адам анықталды, олар бұған дейін полицияның есебінде тұрмаған.