Бұл жолда біз биік белестерді бағындырдық. Бүгін ҚР Парламенті палаталарының бірлескен отырысында Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауында ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев осылай деді.
«Естеріңізде болса, 1997 жылғы алғашқы Жолдауымда былай деген болатынмын: «2030 жылы біздің ұрпақтарымыз бұдан былай әлемдік оқиғалардың қалтарыс қалып қоймайтын елде өмір сүретін болады». Осы сөздерге күмән келтірлгендер аз болған жоқ. Дегенмен діттеген бұл межеге біз 33 жылда емес, бір мүшел жаста ғанажеттік. Күні кеше ғана елде 56 елдің мемлекет басшылары мен халықаралық ұйым өкілдерінің басын қосқан Саммит соның айшықты айғағы. Жұлдызымызды жарқырата түскен бұл белестен бұрын да біршама биіктерді бағындырдық», -деді Н. Назарбаев.
Президент сөзінде талайлы заманда тарыдай шашылған қандастарын атамкекенге жинаған әлемдегі үш елдің бірі болғандығымызды атап көрестті. «Осы жылдар ішінде шетелдерден 800 мыңнан астам отандастарымыз келіп, халқымыздың саны бір жарым миллион адамға өсті. Біз Сарыарқаның сайын даласына сәні мен сәулеті келскен Астана салдық. Есілдің жағасына серпінді дамуымыздың символы болған еңселі елорда қондырдық», - деді Елбасы.