36 жастағы ақтөбелік азамат кісі тонағаны үшін ұсталды

АҚТӨБЕ. 13 тамыз. ҚазАқпарат - Кеше полиция қызметіне 30 жастағы әйел келіп, 6 тамыз күні өзіне аздаған таныстығы бар жігіт «Хазар» дәмханасында оған күш қолданып, ашық түрде «Нокия» телефонын тартып әкеткенін айтты.

ІІД-нің баспасөз қызметінен хабарлағандай, Заводской полиция бөлімінің қылмыстық полиция қызметкерлерінің қабылдаған шараларының барысында Ақтөбе қаласының 36 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұған дейін ол ұрлық, бұзақылық және есірткі заттарын сақтағаны үшін бірнеше рет сотталған еді.

Бұдан басқа, тергеу амалдарын өткізу кезінде оның ірі супермаркеттердің біріндегі ұрлыққа қатысы бар екені анықталды. Одан жалпы сомасы 23 мың теңгеге тауарлық-материалдық құндылықтарды ұрлап әкеткен.

Оған қатысты ҚР ҚК-нің екі бабы «Тонау» және «Ұрлық» бойынша қылмыстық іс қозғалды, тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті азамат ешқайда кетпеу қолхатын толтырды.