«Контрафактілік өнімнің таралуына тосқауыл мақсатында өңірлік әділет органдарымен тұрақты түрде тексеру шаралары жүргізілуде. 2010 жылдың 9 айында 600-ден астам тексеріс жасалды. Атап айтқанда, 266 әкімшілік іс қозғалды»,- деді ол. Л. Стамбекованың сөзіне қарағанда, 37 миллион теңгені құрайтын 110 мың дана контрафактілік өнім тәркіленді. «Әкімшілік жауапкершілікке 226 адам тартылды. Айыппұл сомасы 5 миллион теңгеден астам қаржыны құрады»,-деді комитет төрайымы.
18:55, 30 Қыркүйек 2010
37 миллион теңгені құрайтын 110 мың дана контрафактілік өнім тәркіленді
АСТАНА. Қыркүйектің 30-ы. ҚазАқпарат /Руслан Ғаббасов/ - Биылғы жылдың 9 айында контрафактілік өнімдерге қатысты 600-ден астам тексеріс жасалды. Бұл туралы бүгін Астанада өңірлік әділет органдарының қатысуымен өткен бейнеконференция барысында Зияткерлік меншік құқығы комитетінің төрайымы Лиза Стамбекова айтты.