«Құрылыс-жөндеу жұмыстарына лицензия алуда құжаттарды жедел рәсімдеп бермек болғаны үшін ЖШС-нің директорынан алдын ала 375 мың теңге көлемінде пара алды деген күдікпен ОҚО бойынша Мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау департаменті лицензиялау және аттестаттау бөлімінің басшысы С.Мүслімов және аталмыш бөлімнің маманы Т. Базарбаев есімді азаматтар ұсталды», - деп мәлім етті Ұйымдасқан қылмыспен күрес департаментінің баспасөз хатшысы Әнел Мәтиева.
Сондай-ақ пара алуда оларға сыбайлас болған аталмыш бөлімнің маманы Н. Сәрсенбаев және В. Куликова құрықталды.
«Сол күні Мүслімов пен Базарбаевқа қатысты пара алу бабы бойынша, Сәрсенбеков пен Куликоваға қатысты пара алуға сыбайлас болу бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бәрі де сот санкциясымен ұсталып, қамауға алынды», - деді Ә. Мәтиева.