«Қазгидромет» РМК-ның ақпаратынша, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды облыстарында желдің 15-20 м/с дейін күшеюі, жел екпіні 25 м/с болатыны күтіліп отыр.
Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде күндіз аумақтың көп бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жел екпіні 25 м/с дейін жетуі ықтимал.
Жамбыл, Шығыс Қазақстан облыстарының көп бөлігінде күндіз желдің жылдамдығы 15-20 м/с, жел екпіні 25 м/с дейін жетеді.
Алматы, Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде желдің 15-20 м/с дейін күшеюі күтілуде.
Қызылорда облысы, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Атырау, Қарағанды, Қостанай, Ақтөбе облыстарының кейбір жерлерінде өрт шығудың жоғары қаупі сақталып отыр.