4 қыркүйек. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 4 қыркүйек. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2014 жылғы 4 қыркүйекке арналған күнтізбесін ұсынады.

4 қыркүйек, БЕЙ СЕНБІ

Испаниядағы шарап фестивалі.

Ресейде ядролық қамтамасыз ету саласы маманының күні.

Ресей Федерациясы Президентінің 2006 жылғы 31 мамырдағы Жарлығымен бекітілген.

Молдова Республикасының кеден қызметкерлерінің күні.

Молдова Президентінің 1991 жылғы 3 қыркүйектегі Жарлығымен бекітілген.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

6 1 жыл бұрын (1953) Қарағанды политехникалық институты ашылды. Қазіргі таңда аталмыш білім ордасы Қарағанды мемлекеттік техникалық университеті деп аталады. 2002 жылы Францияда Қазақстанның өнеркәсібіне арнайы мамандар даярлаудағы жоғары сапасы үшін Өнеркәсіпке жәрдемдесу қауымдастығының Алтын медаліне ие болды.

2 2 жыл бұрын (1992) Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің басылымы «Сақшы» газеті қазақ тілінде шыға бастады.

9 жыл бұрын (2005) Сеулде Қазақ мемлекеттік педагогикалық қыздар институты (ҚМПҚИ) мен Корея Республикасының Каннам университеті (КУ) арасында Академиялық алмасулар және ынтымақтастық туралы келісімге қол қойылды.

Каннам университеті Оңтүстік Кореяның мәртебелі оқу орындарының бірі. Бүгінгі таңда бұл жоғары оқу орны гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдарға мамандануда. Іргесі 1886 жылы қаланған Ихва білім ордасы - әлемдегі аса ірі университеттердің бірі болып табылады. Оның құрамында 14 колледж бар, 21 мың студент оқиды.

7 жыл бұрын (2007) елордадағы «Оберег» ұлттық-мәдени орталығының қолдау көрсетуімен Қазақстандағы украин диаспорасына арналған «Вести Украины» газетінің алғашқы саны жарық көрді.

Басылым айына екі рет, сенбі күндері 4 мың данамен өз оқырмандарына ұсынылады.

5 жыл бұрын (2009) Прагада Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері ресми түрде ашылды.

Ұйымдастырушысы - Қазақстан Республикасының Елшілігі, «Елім-ай» қазақстандық мәдениет орталығы, Ресей мәдениет орталығы.

Чех Республикасында Қазақстан халқының мәдениет күндері аясында біздің еліміз туралы деректі фильмдер көрсетілді, «Қазіргі Қазақстан» және «Елім-ай - төрт жыл» фотокөрмелері, «Қазақстан - Менің Отаным» балалар суретінің көрмесі болып өтті.

5 жыл бұрын (2009) Астанада «Самұрық-энерго» АҚ мен БҰҰ Даму Бағдарламасы электр энергиясын алу үшін жаңартылатын энергия көздерін пайдалану, сондай-ақ Қазақстанда жел және күн электр стансаларын салу жобаларын жүзеге асыру бойынша ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.

Меморандум бойынша, тараптардың жұмысы Қазақстанда аталған энергетиканың техникалық базасына ұсыныстар жасауға, қажетті талдау шараларын жүргізуге бағытталатын болады, енді Жоңғар қақпасы ауданында, Шелек дәлізінде, Форт-Шевченко аумағында жел электр стансалары құрылысының техникалық-экономикалық негіздемесі дайындалмақ.

5 жыл бұрын (2009) Астана қаласының ескі орталық алаңынан «Халықтар достастығы 2009» ұранымен V халықаралық автожорық сапарға аттанды. Автокөліктер Астана-Бурабай-Көкшетау-Қостанай-Ақтөбе-Орал бағыттарымен жалпы ұзындығы 2086 шақырым жолды еңсерді. Автожорықты орайластырып, ұйымдастырған «Mercur auto» компаниясы мен Volkswagen AG концерні.

126 жыл бұрын (1888) Джорд Истмен пленка салатын фотокамера ойлап тапқаны үшін патент алды. Оған «Кодак» деп сауда белгісін қойды.

1 жыл бұрын Будапешт қаласында Венгриядағы ҚР Елшілігінің, Венгрия ұлттық экономика министрлігі және Сауда өнеркәсіп палатасының ықпалымен алдыңғы қатарлы бизнес-қауымының 100-ден астам өкілі қатысқан Қазақстан-Венгрия бизнес-форумы өтті.

Бизнес-форум барысында сауда-экономикалық және инвестициялық салалардағы екі жақты ынтымақтастықты кеңейту және тереңдету туралы бір топ мәселені талқыланды.

1 жыл бұрын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев ЭКСПО-2017 көрмесі кешенінің эскиз-идеясын таңдау жөніндегі архитектуралық конкурстың нәтижесімен танысты. Қазақстан Президентіне көрменің өлшемдеріне анағұрлым сай келетін жобалар өз параметрлері бойынша ұсынылды.

Нұрсұлтан Назарбаев таңдап алынған эскиз-идеяларды қарап шығып, олардың әрқайсының жақсы жақтарын атап өтті. Елімізде «жасыл экономиканы» дамыту жөніндегі тұжырымдаманы іске асыруға қатысты қарастырылған жобалардың перспективасының жайы бөлек талқыланды.

ЕСІМДЕР

86 жыл бұрын (1928) танымал геолог, Қазақстан Мемлекеттік сыйлығының лауреаты ДҮЙСЕНБЕКОВ Дүбек дүниеге келді.

Алматы облысының Қаратал ауданында туған. Қазақ тау-кен институтын (қазіргі Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық университеті) бітірген. Жезқазған кен байыту комбинатында, Текелі геологиялық барлау партиясында геолог, аға геолог, партия бастығы болған. 1966-1993 жылдары Оңтүстік Қазақстан алтын кенін барлау экспедициясында жұмыс істеген. 1968 жылы Бетпақдалада жүргізген геологиялық іздеу жұмыстарының нәтижесінде Ақбақай алтын кенін ашқан. 1971-1978 жылдары осы кен орнында алдын ала барлау, жете барлау жұмыстарын жүргізген. Сонымен қатар Миронов висмут, Карьерный, Бескемпір, Ақсақал алтын кендерін ашқан. Ақбақай кенді ауданының геологиясы, минералогиясы, петрографиясы туралы зерттеулер жүргізген.

Көптеген ғылыми еңбектің авторы.

2 мәрте «Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдермен марапатталған.

8 4 жыл бұрын (1930-1996) қазақтың ақыны, жазушы ЖӘКЕНОВ Заманбек дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Тарбағатай ауданында туған. Құлжадағы офицерлер даярлайтын әскери мектепті, Үрімжідегі жоғары партия мектебін бітірген.

1955 жылы Қазақстанға қоныс аударған. 1963-1968 жылдары Алматы облысы Жамбыл ауданы «Екпінді еңбек» газетінде бөлім меңгерушісі, редактордың орынбасары, Баспа, полиграфия және кітап саудасы істері жөніндегі мемлекеттік комитетте жауапты қызметтер атқарған.

«Аяулы қарындас», «Таң самалы» повестерінің, «Қайта айналып келгенше», «Бозқараған» повестер мен әңгімелердің, «Күн көтеріліп келеді» романының авторы.

6 6 жыл бұрын (1948) ақын, Қазақстан Республикасының 1992 жылы қабылданған Мемлекеттік әнұраны мәтіні авторларының бірі ДӘРІБАЕВА Жадыра дүниеге келді.

Қызылорда облысының Тереңөзек ауданында туған. Қызылорда қаласындағы М.Мәметова атындағы Қыздар педагогикалық училищесін, Қызылорда педагогикалық институтының филология факультетін, Мәскеудегі М.Горький атындағы Әдебиет институтының көркем аударма бөлімін бітірген. 1978-1991 жылдары Мәскеудегі А.Луначарский атындағы Мемлекеттік театр өнері институтында (ГИТИС) қазақ актерлер бөлімінде дәріс берген. 1982-1990 жылдары Қазақстан Жазушылар одағында секретариат меңгерушісі, 1991-1992 жылдары «Қазақстан әйелдері» журналында бөлім меңгерушісі болған. Ақынның «Гүлжайна», «Мейір», «Біздің жақтың аспаны» атты шығармалары бар.

«Құрмет» орденімен марапатталған.

72 жыл бұрын (1942) жазушы, драматург, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР еңбегі сіңген қызметкері Төлен ӘБДІК дүниеге келді. Ол Қостанай облысының Жангелдин ауданындағы Еңбек ауылында туған. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетін бітірген (1965). 1965-1970 жж. «Қазақстан пионері» (қазіргі «Ұлан») газетінде әдеби қызметкер, бөлім меңгерушісі. 1970-1977 жж. «Жалын» альманахында бөлім меңгерушісі, Бас редактордың орынбасары, 1977-1979 жж. «Қазақфильм» киностудиясында Бас редактор, 1979-1990 жж. Қазақстан КП Орталық комитетінде жауапты қызметте болған. Біраз жыл «Қазақ әдебиеті» газетінің Бас редакторы, Қазақстан Жазушылар одағының екінші хатшысы болып істеді. 1993 жылдан ҚР Президенті әкімшілігінде жауапты қызметте болды. Шығармалары 1964 жылдан жариялана бастады. «Көкжиек» (1969), «Күзгі жапырақ» (1971), «Ақиқат» (1974), «Айтылмаған ақиқат» (1979) әңгіме, повестер жинақтарын, «Өліара» (1985), «Ақшоқыда қыс қатты» (1987), «Парасат майданы» (2002) романдарын жариялады. Әңгіме, повестері орыс тілінде «Истина» (1980, 1981) деген атпен шықты. Грек аңыздары - «Эллада ерлерін» (1977) қазақ тіліне аударған. Халықаралық Кафка және Қазақстандағы ПЕН клуб сыйлықтарының лауреаты (2003). ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.

137 жыл бұрын (1877-1942) латыш саяси және мемлекет қайраткері Ульманис КАРЛИС дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934-2012) кеңестік және ресейлік эстрада әншісі, ресейлік және халықаралық конкурстардың лауреаты, «Еңбек Қзыл ту және «Халықтар достығы» ордендерінің иегері ХИЛЬ Эдуард Анатольевич дүниеге келді.

80 жыл бұрын (1934) орыс суретшісі ЛАПТЕВ Александр Иванович дүниеге келді.

Ресейде туған. В.И.Суриков атындағы Мәскеу мемлекеттік көркемсурет институтын бітірген. «Балқаш салынып жатыр», «Медеудегі жаттығу», «Жолдағы кездесу», «Адамдар мекені» шығармаларының авторы.