4 мамыр. ҚАЗАҚПАРАТ КҮНТІЗБЕСІ: АТАУЛЫ КҮНДЕР, ОҚИҒАЛАР, ЕСІМДЕР

АСТАНА. 4 мамыр. ҚазАқпарат - ҚазАқпарат оқырмандарына 2012 жылғы 4 мамырға арналған күнтізбесін ұсынады.

4 мамыр, ЖҰМА

Жастар күні (Қытай). 1919 жылдың 4 мамырында көшбасшыларымен бірге Бейжің университетінің 3000-ға жуық студенттері Тяньаньмэнь алаңына жиналып, Қытай үшін әділетсіз Париждің бейбіт келісімін қабылдаудағы үкіметтің шешіміне қарсы шықты. Алғашында Шэньси-Ганьсу-Нинся ауданында Солтүстік-Батыс жастар одағы осы күнді атап өте бастады, ал 1949 жылдың желтоқсан айында Орталық халық үкіметінің мемлекеттік әкімшілік кеңесі (ҚХР) бұл күнді мереке ретінде жариялады.

Жапонияда көгалдандыру күні. «Көгалдандыру күні» Жапонияда 2007 жылға дейін сәуірдің 29-ында атап өтілген. Мерекенiң табиғи атауы Сёва Императорының атымен және оның қағылез табиғатқа деген терең махаббатымен байланысты.

2007 жылдан бастап бұл күн 4-ші мамырда атап өтіледі.

ЕСТЕ ҚАЛАР ОҚИҒАЛАР

19 жыл бұрын (1993) Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Төралқасы «Қазақша жер-су аттарын, атауларды орыс тілінде дәл жазуды тәртіпке келтіру және Қазақстан Республикасы жекелеген әкімшілік-аумақтық мекендерінің атауларын өзгерту туралы» қаулы қабылдады.

19 жыл бұрын (1993) Алматыда Абай атындағы қалалық қордың тұсаукесер рәсімі өтті.

11 жыл бұрын (2001) Оңтүстік Қазақстан облысының Сарыағаш ауданында Төле биге ескерткіш орнатылды.

7 жыл бұрын (2005) Елбасы «Қазақстан Республикасы Конституциясының әлеуетін одан әрі пайдалану жөніндегі шаралар туралы» Жарлыққа қол қойды.

5 жыл бұрын (2007) ұзындығы 235-шақырымдық Хромтау-Алтынсарин жаңа теміржол желісі учаскесі пайдалануға берілді. Жаңа теміржол желісі Қазақстанның солтүстігіндегі астықты және орталығындағы өнеркәсіпті аймақтарды елдің батысына қарай ең қысқа жолмен жалғастырады. Бұдан басқа, Қазақстаннан өтетін экспорттық жүктерді балтық және қаратеңіздік айлақтарға өткізетін жаңа жолбағыт жасақталған.

3 жыл бұрын (2009) Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев тауарлық биржалардың қызмет үдерісі мен биржалық сауда-саттықты жүзеге асыру барысында туындайтын қоғамдық қатынастарды реттейтін «Тауар биржалары туралы» Заңға қол қойды. Елбасы сондай-ақ қолданыстағы заңнаманы «Тауар биржалары туралы» Заңға сәйкестендіруді қарастырған «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тауарлық биржа мәселелері бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды.

3 жыл бұрын (2009) әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде осы оқу орнының тарихы туралы жаңа мұражайы галереясының бірінші тасын және капсуласын қою рәсімі өтті. Шара еліміздің алдыңғы қатарындағы университеттің 75-жылдық мерейтойына арналған.

Мұражайдың қорында фотоматериалдар, қолжазбалар, сувенирлер, сыйлықтар, суреттер, портреттер, кiтаптар, ғалымдардың монографиясы және тағы басқа 14 мың бiрлiк нақты материалдар жинағы бар.

Мұражайдың жалпы ауданы - 900 шаршы метрді, университет тарихының галереясын қосқанда (өткел) - 540 шарша метр, Даңқ залы - 120 шаршы метр, «ҚазҰУ - бүгін, ертен» залы - 240 шаршы метрді құрайды.

Мұражайда Қазақстан Республикасының мемлекеттiк рәмiздерi рәсімделген және құрметті қонақтармен, шетелдік делегациялармен, ардагермен, жастармен кездесулер өткізуге арналған.

ЕСІМДЕР

84 жыл бұрын (1928-2002) филология ғылымының докторы, профессор, Қазақстан ғылым академиясының академигі, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының және Ш.Уәлиханов атындағы сыйлықтың лауреаты, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері АХМЕТОВ Зәки Ахметұлы дүниеге келді.

Шығыс Қазақстан облысының Ұлан ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін, КСРО Ғылым академиясының Ленинградтағы Шығыстану институтының аспирантурасын бітірген. 1951-1975 жылдары - Қазақ қыздар педагогикалық институтының кафедра меңгерушісі, деканы. 1975-1986 жылдары - Қазақстан Ғылым академиясының М.Әуезов атындағы Әдебиет және өнер институты директорының орынбасары, директоры, Ғылым академиясының академик-хатшысы, вице-президенті, 1986 жылдан  Әдебиет және өнер институтының бөлім меңгерушісі болған. Ғалымның зерттеулері қазақ және орыс тілдерінде жазылған. Ғылыми-зерттеу еңбектері қазақ әдебиетінің тарихы мен теориясы мәселелеріне, қазіргі әдебиеттанудағы дәстүр мен жаңашылдық, көркемдік шеберлік, поэтика, әдеби байланыстар проблемаларына арналған. Қазақ өлеңінің өзгешеліктері мен құрылымын зерттеудің ғылыми жүйесін жасаған. Абайтану, Әуезовтану мәселелерін текстологиялық, тарихи қырынан зерттеген іргелі ғылыми монографиялар жазған. 1954, 1957, 1970, 1995 жылдары Абайдың толық шығармалар жинағы басылымдарын дайындап, құрастырушылардың және түсініктемелер авторларының бірі болған.  1992 жылы «Өлең сөздің теориясы» деп аталатын монографиясы Қытайда жарық көрген. Қазақстан Жоғарғы Кеңесінің депутаты болып сайланған.

124 жыл бұрын (1888-1952) тарих ғылымының докторы, профессор, Украин Ғылым академиясының корреспондент мүшесі, Қазақ КСР Ғылым академиясының академигі ЮШКОВ Серафим Владимирович дүниеге келді.

Санкт-Петербор университетін бітірген. Саратов, Ленинград университеттерінде, Өзбек педагогика академиясында, Дағыстан, Свердлов педагогикалық институттарында, Мәскеу заң институтында профессор болып, екі жыл Қазақстан Ғылым академиясы Тарих, археология және этнография институтының директоры қызметін атқарған. КСРО-да маркстік-лениндік құқық тарихының қалыптасуы Юшков есімімен тығыз байланысты. Бірқатар оқулықтары мен ғылыми еңбектері жарық көрген. Оның «Советтік дәуірге дейінгі Қазақстандағы феодалдық меншік мәселесі» атты мақаласында қазақтың көшпелі мал шаруашылығы жағдайындағы патриархалдық-феодалдық қатынастарының мәні мен ерекшеліктері туралы пікір бар.

«Еңбек Қызыл Ту» орденімен, медальдармен марапатталған. 

62 жыл бұрын (1950) аға әділет кеңесшісі, Қызылорда облысы прокурорының бірінші орынбасары НҰРДӘУЛЕТОВ Моряк Нұрдәулетұлы дүниеге келді.

Алматы облысының Нарынқол ауданында туған. Қазақ мемлекеттік университетін (әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) бітірген.

Алматы облысы Қаскелең ауданы прокурорының аға көмекшісі, Қазақ КСР прокуратурасының ұйымдастыру-бақылау бөлімінің прокуроры, Алматы облысы Балқаш, Шелек аудандарының прокуроры, Қазақстан Республикасы Бас прокуратурасы Жалпы бақылау бас басқармасы көлік заңдарын қадағалау бөлімінің бастығы, Алматы көлік прокурорының көмекшісі, Қазақстан Республикасы Бас прокурорының Алматы қаласы және облысы бойынша көмекшісі, Каспий маңы экологиясы аймақтық прокуроры, Алматы қаласы прокурорының орынбасары, Ақмола облысы прокурорының бірінші орынбасары, Алматы облысы прокурорының орынбасары қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2008 жылдың 10 желтоқсанынан.

«Қазақстан Республикасы прокуратурасының құрметті қызметкері» белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатын алып, «Қазақстан Республикасы Бас прокурорының құрмет грамотасымен» марапатталған.

62 жыл бұрын (1950) Атырау облыстық соты апеляциялық сот алқасының төрағасы ЧИНЯЕВ Нұрғожа Қыдырханұлы дүниеге келді.

Түрікменстанның Мары облысында туған. Ашғабад гидромелиаротивтік техникумын, Түрікмен мемлекеттік университетін бітірген.

1992 жылы тарихи отанына оралған. Қазақстан Республикасы Бас Прокуратурасының прокуроры, бөлім бастығы, басқарма бастығы, Маңғыстау облыстық соты төрағасының орынбасары, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Жамбыл облыстық сотының төрағасы қызметтерін атқарған. Қазіргі қызметінде - 2010  жылдың қараша айынан.

«Астана» медалімен, Қазақстан Республикасы Судьялар одағының «Үш би» құрмет белгісімен, Қазақстан Республикасы Президентінің алғыс хатымен және Әділет министрлігі мен Жоғарғы Сот төрағасының көптеген құрмет грамоталарымен және алғыстарымен марапатталған.

68 жыл бұрын (1946) әскери қайраткер, авиация генерал-майоры, 1 сыныпты әскери ұшқыш КУЗЕНЯТКИН Бронислав Михайлович дүниеге келді.

Қарақалпақстан Республикасының Шымбай қаласында туған. Әскери-әуе күштері училищесін, Ю.Гагарин атындағы әскери-әуе академиясын бітірген. 1967-1991 жылдары - КСРО әскери-әуе күштерінде ұшқыш, аға ұшқыш, звено командирі, эскадрилья командирінің орынбасары, полк командирінің орынбасары, полк командирі, Орта Азия әскери округі Әскери-Әуе күштері қолбасшысының орынбасары. 1991-1997 жылдары Авиация корпусы командирінің орынбасары, ҚР Әскери-Әуе күштері басқармасы қолбасшысының біріші орынбасары болған.

Көптеген медальдармен және құрмет грамоталарымен марапатталған.

78 жыл бұрын (1934-1986) қазақ жазушысы, белгілі сатирик ӘУБӘКІРОВ Оспанхан дүниеге келді.

Алматы облысының Жамбыл ауданындағы Үшбұлақ ауылында туған.
Құрманғазы атындағы Қазақ мемлекеттік консерваториясының театр факультетін тамамдаған. Мамандығы актер болғанымен, өзінің шығармашылық мұратын сатирадан тапқан.
Ол республикалық газеттерде, «Ара» журналында қызмет істеген. Сатиралық жанрмен бірге, балаларға арналған өлеңжыр, ертегі, пьеса, белгілі композиторлардың әндеріне мәтін жазумен, аудармамен де айналысқан. Әзиз Несиннің «Ахиреттен келген хаттары», Бранислав Нушичтің «Менің өмірбаяным», Лао Шэнің «Мысықтар қаласын», Э.Рапкенің «Мюнхаузеннің хикаяларын» қазақ оқырмандарына ұсынған.
1983 жылы балаларға арналған «Қағаз қалпақ» сатиралық жинағы үшін Қазақстан Жазушылар одағының сыйлығы берілді.

98 жыл бұрын (1914-1986) фармацевт-ғалым , драматург , медицина ғылым докторы, Қазақстанға еңбегі сіңірген фармацевт СҰБХАНБЕРДИН Сәлкен Хасенұлы дүниеге келді.

Павлодар облысының Баянауыл ауданында туылған. Мәскеу медицина институтын бітірген (1959 ). Семейдегі өлкелік фармацевтика техникумы оқу бөлімінің меңгерушісі (1933 - 1935 ), директоры (1935 - 1938 ), Алматы (1938 - 1942 ) және Жамбыл (1942 - 1945 ) облыс, республика (1948 - 1973 ) дәріхана басқармаларының меңгерушісі, Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтында кафедра меңгерушісі (1973 - 1975 ) қызметтерін атқарды. Сұбханбердиннің негізгі ғылыми жұмыстары Қазақстандағы дәріхана ісінің даму тарихына арналған. Сұбханбердиннің басшылығымен Дәрігерлер білімін жетілдіру институтында фармацевтика кафедрасы ұйымдастырылды, орта медицина оқу орындарында фармацевтика факультеті, Шымкент қаласында фармацевтика институты, Алматы қаласында фармацевтика факультеті ашылды. Оның "Дәрі - дертке дауа, жанға шипа " (1965), "Өсімдік дәрі-дәрмек қоймасы " (1968 ), "Денсаулығыңды ойласаң " (1974 , М.Әлімбаевпен бірге) атты еңбектері, "Шындық ", "Сатып алған ауру ", "Жаңа жандар ", т.б. пьесалары "Шындық" атты жинаққа енген (1977 ). 74 ғылыми еңбектің авторы. 2 рет "Құрмет белгісі " орденімен марапатталған.

75 жыл бұрын (1937) Қазақстаннның Еңбек Ері, «Зенченко және компания» коммандиттік серіктестігінің бас директоры ЗЕНЧЕНКО Геннадий Иванович дүниеге келді.

Солтүстік Қазақстан облысның Шал ақын ауданында туылған.

Петропавл ауыл шаруашылығын механикаландыру техникумын бітірді. 1973 жылы Петропавл педагогикалық инстиутын сырттан оқып аяқтады.

1962-1973 жылдар «Ленин» кеңшарында электр слесары, мұнай бпазасының меңгерушісі, меанизатор машина-трактор шеберханасының меңгерушісі, бас инженері, Совет аудандық «Қазсельхозтехника» бірлестігінің басқарушысы болды, 1973 жылы Соет аудандық атқару комитеті төрағасының орынбасары болып сайланды.   

1976 жылдан - «Новоникольский» кеңшарының директоры. Шаруашылық екі рет қайта құрлып, 1992 жылы «новоникольское» ауыл шаруашылығы қауымдастығы, 1997 жылы «Зенсченко және компания» командиттік серіктестігіне айналды, осы шаруашылықта Г.И.Зенченк бас директорболып қызмет етуде.

2008 жылы оған Қазақстанның еңбек Ері атағы берілді, екі рет «отан» орденімен, Еңбек Қызыл ту орденімен және көптеген медальдармен марапатталған, солтүстік Қазақстан облысының құрметті азаматы.

47 жыл бұрын (1965) Қызылорда облысы әкімінің орынбасары ҰРАНХАЕВ Нұрлан Темірұлы дүниеге келді.

Семей қаласында туылған.

1987 жылы Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын бітірген.

1987-1990 жылдары Семей «Казпромтехмонтаж» трест басқармасында 3-разрядты темір ұстасы, монтаждаушы, шебер қызметтерін атқарды.

1999 жылдың қазан айынан бастап «Зергер» шағын кәсіпкерлігінің директоры, 1992 жылдан бастап «Зергер» қаржы кәсіпкерлік корпорациясының директоры қызметін атқарған.

1995 жылдың сәуір айынан қараша айына дейін «Аққұс» АҚ-ның президенті.

1995 жылдың қараша айынан бастап 1997 жылдың наурыз айына дейін «Сарыарқа» АҚ-ның бастығы.

1997-2001 жылдары «Сұңқар» ЖШС Семей ет-консервілік комбинатының президенті.

2003-2005 жылдары Шығыс Қазақстан облысының энергетика, коммуналдық шаруашылық, құрылыс және транспорт басқармасының бастығы.

2006-2007 жылдары Шығыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары, 2007-2008 жылдары мемлекеттік материалдық резерв бойынша Комитетінің Төрағасы.

2008 жылдың ақпан айынан қыркүйек айына дейін ҚР Премьер-Министрі Канцеляриясының индустриалды-инновациялық даму бөлімінің меңгерушісі.

2008 жылдың қыркүйек айынан қараша айына дейін ҚР Президент Әкімшілігінің мемлекеттік инспекторы қызметін атқарды.

2008-2009 жылдары «КазБизнесКонсалтинг» ЖШС президентінің кеңесшісі.

2009-2010 жылдары «НК «СПК «Ертіс» АҚ Төрағасының орынбасары.

2010 жылдың маусым айынан бастап осы уақытқа дейін Қызылорда облысы әкімінің орынбасары.