Кей жерлерде жел күшейіп, оңтүстік және оңтүстік шығыста шаң көтеріледі. Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде желдің екпіні секундына 15-20, кей жерлерде 23 метрге жетеді.
Жамбыл, Қызылорда, облыстарының бірқатар аудандарында желдің күші секундына 15-20 метр болады. Жамбыл облысында шаң көтерілуі мүмкін. Оңтүстік Қазақстан, күндіз Ақмола, Шығыс Қазақстан облыстарында кей жерлерде желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді.
Астанада күн құбылмалы, жауын жаумайды. Батыстан, оңтүстік батыстан жылдамдығы секундына 9-14 метр болатын жел соғады. Ауа температурасы түнде 10 12°С, күндіз 23 25°С.
Алматыда да күн құбылмалы, жауын жаумайды. Желдің күші секундына 0-5 метр болады. Ауа температурасы түнде 5 7°С, түнде 21 23°С.