ЕСІМДЕР
Ақмола облысы Майбалық ауылында туған. Саратов және Орынбор әскери авиациялық училищесін бітірген. Балалық және жастық шақтарын Бішкекте өткізді. 16 жасында аэроклубқа оқуға түсті. 1943 жылдың қаңтарында Бигелдинов Калинин майданына келді және алғашқы шайқастарда-ақ ерлік көрсетті. 1944 жылдың 26 қазанында оған Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Бұл уақытқа дейін ол 200 әскери ұшулар жасады. Т.Бигелдинов Берлин үшін шайқасқа да қатысты. 1945 жылдың 27 маусымында оған екінші мәрте Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Ол Кеңес Одағының Батыры атағын екі рет иеленген 65 әскери ұшқыштың бірі болды. Бигелдинов 1945 жылдың 24 маусымында Жеңіс шеруіне қатысты. 1950 жылы Бигелдинов әскери-әуе академиясын аяқтады және 1956 жылға дейін КСРО Қорғаныс Күштерінің қатарында командир орынбасары және авиациялық полк штабының басшысы қызметтерінде жұмыс істеді. 1956 жылы авиацияның генерал-майоры Бигелдинов запасқа кетті. 1957-1970 жылдар аралығында - Азаматтық авиацияның қазақ территориалдық басқармасының аға инспекторы және бастықтың орынбасары. 1968 жылы Бигелдинов Мәскеу инженерлік-құрылыс институтын сырттай бітіріп, ұзақ уақыт бойы ҚазКСР мемлекеттік құрылымы жүйесінде басшылық қызметтерде жұмыс істеді. Т.Бигелднинов сондай-ақ Ленин орденімен, екі рет Қызыл Ту орденімен, Отан соғысының ІІ және ІІІ дәрежелі ордендерімен, Қызыл Жұлдыз, Александр Невский, ІІІ дәрежелі Даңқ, және өзге де отандық және шетелдік ордендермен және медальдармен марапатталған.
Жамбыл облысында туған. Жамбыл мәдени ағарту училищесін, Алматы консерваториясын бітірген. 1964 жылдан Шу аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі болды. 30 жылдан астам уақты «Шу еркесі» халық аспаптар ансамбліне жетекшілік етті. Композитордың «Арман құс», «Абай арманы», «Жамбыл толғауы», «Тұран елі» сияқты 70-тен астам күйі мен әні бар. Оның «Ерке сылқым» күйі халыққа кеңінен таралған. «Құрмет» орденімен марапатталған.
Торғай облысы Амангелді ауылында туған. Қарағанды политехникалық институтын бітірген. Инженер-құрылысшы болып басталған оның еңбек жолы еліміздегі түрлі деңгейдегі құрылыс саласында жалғасып, басшылық қызметтер атқарған. 1991 жылдан бастап жеке кәсіпкерлікпен айналысып, бизнеске араласқан. 2005-2006 жылдары «Жыл таңдауы» байқауында екі рет «Жыл адамы» - «Алтын Адам» атағын, «Астананың іскер адамы» (2006), 2007 жылы «Ғасыр меценаты» (Мәскеу) атақтарын иеленген. Ресейдің - «Держава», Ұлыбританияның «Королева Виктория» атындағы, Швейцарияның халықаралық «Алтын медаль» ордендерін иеленіп, Елбасының Құрмет дипломын алды. Халықаралық меценаттар, Халықаралық туризм және спорт академияларының академигі. 2008 жылы жер шарының оңтүстік полюсі саналатын Антарктидаға барып, Қазақстанның көк байрағын желбіретіп қайтты.
Алматы облысының Жамбыл ауданында туған. Алматы мемлекеттік консерваториясын бітірген. 1975 жылдан Талдықорған (қазіргі Алматы облысы) драма театрында қызмет істеген. Қазір Ғ.Мүсірепов атындағы Балалар және жастар театрының актрисасы. Осы театр сахнасында Ақтоқты, Ұлпан (Ғ.Мүсірепов «Ақан сері - Ақтоқты», «Ұлпан»), Қарагөз (М.Әуезов «Қарагөз»), Елена Андреевна (А.Чехов «Дядя Ваня»), Катерина (У.Шекспир «Асауға тұсау»), Гүлдариға (Д.Исабеков «Алтын бесік») рөлдерін ойнаған.
1957 жылы Калининград облысы (қазіргі РФ) Светлый қаласында туған. әл-Фараби атындағы Шымкент педагогикалық мәдениет институтын, А.Байтұрсынов атындағы Қостанай мемлекеттік университетін бітірген. 1977-1984 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет үйінің методисі болды.
1984-1985 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің инспекторы. 1985-1987 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық жергілікті радиоұйымдастырушысы.
1987-1992 жылдары - Қостанай облысы Науырзым аудандық атқару комитеті мәдениет комитетінің төрайымы.
1992-1992 жылы - Қостанай облысы Науырзым аудандық мәдениет бөлімінің меңгерушісі. 1992-1995 жылдары - Қостанай облысы Науырзым ауданы әкімінің орынбасары. 1995-1998 жылдары - Қостанай өңірлік күнкөрісі төмен азаматтарды қолдау қорының атқарушы бастығы. 1998-2007 жылдары - «Нұр Отан» ХДП-ның Қостанай облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары.
2012-2016 жылдары бесінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты.
2016 жылғы наурыздан алтыншы сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Нұр Отан» партиясының мүшесі, партиялық тізім бойынша сайланған.
«Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 10 жыл» (2001 ж.), «Қазақстан Республикасының Парламентіне 10 жыл» (2006 ж.), «Қазақстан Республикасының тәулсіздігіне 20 жыл» (2011 ж.) медальдарымен, ҚР Президенті құрмет грамотасымен (2007 ж.) марапатталған.
Ақмола облысында туған. Свердлов заң институтын бітірген. 1986 жылы - Көкшетау облыстық сотында тәлімгер. 1987-1996 жылдары - Көкшетау облысы Красноармейск аудандық сотының судьясы, төрағасы. 1996-1998 жылдары - Солтүстік Қазақстан облысы Тайынша аудандық сотының төрағасы. 1998-2002 жылдары - Солтүстік Қазақстан облыстық сотының қылмыстық істер жөніндегі сот алқасының төрағасы. 2002-2007 жылдары - Жоғарғы соттың судьясы. 2007 жылдан - ҚР Жоғарғы сотының қадағалау алқасының төрағасы. 2010-2015 жылдары ҚР Жоғарғы сотының судьясы. 2015-2018 жылдары ҚР Жоғарғы сот кеңесінің төрағасы болған. Қазіргі қызметінде - 2018 жылдың сәуірінен.
«Қазақстан Конституциясына 10 жыл» (2005), «Астананың 10 жылдығы» (2008) медальдарымен; ҚР Соттар одағының «Үш би» құрмет белгісімен марапатталған.
Алматы қаласында туған.
Т.Жүргенов атындағы Алматы мемлекеттік театр-көркем-өнер институтының актерлік факультетін бітірген (1982), театр және кино актері. 1982 жылдан бері - «Қазақфильм» киностудиясының актері (қазіргі - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» АҚ). 2002-2004 жылдары - Ш.Айманов атындағы «Қазақфильм» ҰК киностудиясында актерлік бөлімнің бастығы. Қазақстанның еңбек сіңірген актері, КСРО Кинематографистері одағының мүшесі (1987 жылдан). Қазақстанның Еңбек сіңірген қайраткері (2005).