5 тонна дизельді шекарадан заңсыз өткізбек болған Ресей азаматы ұсталды - Ақтөбе облысы

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан-Ресей Шекарасында орналасқан «Әлімбет - авто» бақылау-өткізу бекетінің шекара наряды 1 маусым күні елімізден Ресей Федерациясына қарай кетіп бара жатқан сол елдің азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ Баспасөз қызметі.

Шекаралық тексеру кезінде жүргізуші «МАЗ» жүк көлігіндегі салмағы 5 тонна болатын дизельдің тиісті құжаттарын көрсете алмай, көз қысты, бармақ басты жолмен алып өтуге тырысты.

Аталған дерек Қылмыстық кодекстің 197-бабы бойынша (Мұнай және мұнай өнімдерін тиісті құжаттарсыз тасымалдау, сатып алу, сату, сақтау) ақпаратты тіркеу кітабына жазылып, Ақтөбе облыстық Мемлекеттік кіріс департаментіне берілді.