«АВС» деп аталатын балалар автомектебі 2017 жылы ашылған болатын. Айта кетейік, бұл - Қазақстандағы жалғыз балаларға арналған автомектеп. Мұндағы білікті оқытушылар жолда жүру ережелері, жаяу жүргіншілердің жолдағы тәртібі туралы үйренуде.
«Баланы ерте жастан бастап жол жүру ережелеріне үйрету түрлі жол апаттарының алдын алуға көмектеседі. Сол себепті, біз оқушылардың жазғы демалыстарын дұрыс мақсатта өткізуді қолға алдық», - деп есептейді жергілікті полиция қызметінің аға инспекторы Елена Мағасұмова.
«Балаларды жалықтырып алмау үшін түрлі құрастырмалар, көркемсуреттер пайдаланылады. Кейбір жаттығулар өлең жолдары түрінде өтеді. Бастысы, балалар жолда жүру ережелерін біліп қоймайды, күнделікті тұрмыстағы жалпы ережелерді де үйренеді», - дейді Қостанай облыстық автомектептер қауымдастығының төрағасы Юлия Солопова.