Бұл туралы бүгін өткен брифингте ІІМ-нің ресми өкілі Нұрділдә Ораз хабарлады.
«Орал-Ақтау» бағытымен жүретін вагон-термостан белгісіз біреулер түнгі уақытта шамамен 56 тонна тоңазытылған құс етін ұрлағаны белгілі болды. Жедел іс-шаралар кезінде Атырау қаласындағы ЖШС-лардың бірінен ұрланған өнімнің 31 тоннасы табылған. Осы қылмысқа қатысы бар деген күдікпен 36 жастағы Орал стансасындағы поездардың құрастырушысы ұсталды.
«Оның сыбайластарын анықтау бойынша іс-шаралар жүргізіліп жатыр», - дейді ресми өкіл.