Атап айтқанда, 2015 жылдың 9-желтоқсаны күні 22 сағат 30 минут шамасында «MAN» автомашинасын мінген 1974 жылы туылған Қазқстан азаматы Құмбасов И, 2 бірдей «КамАЗ» жүк көліктерін мінген Ресей Федерациясының азаматтары - 1978 жылы туылған Кемерболатов Б. пен 1984 жылы туылған Бадиев Т. қолға түсті. Көліктеріне салмағы 57 тонна болатын хромды-шпинді ұнтақ (порошок) артқан азаматтардың Қазақстаннан Ресейге кетіп бара жатқандықтары анықталды. Олар көліктеріне тиелген жүктерін ілестірме құжатсыз алып өтуге әрекеттенген.
Қазіргі уақытта олар бақылау-өткізу бекетінде, ұстау бойынша материалдарды ҚР ҚК 196 бабының 1 тармағына сәйкес Ақтөбе облысының кіріс департаментіне беру жоспарлануда, деп хабарлайды ҚР ҰҚК Шекара қызметінің баспасөз қызметі.