ОРАЛ. 12 қазан. ҚазАқпарат - БҚО бойынша қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты РУ-170/1 мекеме қызметкерлері 58 жастағы азаматшаны, Орал қаласының тұрғынын құрықтады.
Облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, әйел темір тордың арғы жағында отырған туысқанына азық-түлік беру кезінде тіс пастасының қорабына салынған героин есірткі затын бірге өткізбекші болған. Есірткі затының жалпы салмағы 0,76 грамды құрайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).