деп хабарлады облыстық ішкі істер департаментінен.
Жараланғандардың екеуі де - бұрын ұрлық жасап сотталған азаматтар. Қарияның айтуынша, әлгілер одан ақша талап еткен. Тайыншының 24 және 30 жастағы тұрғындары мен олардың 20 жастағы тағы бір танысы зейнеткердің үйінде үй иесімен бірге отырып ішімдік ішкен. Зейнеткер олармен село тұрғындарының бірінің үйінде танысып, таныстықты жалғастыру үшін оларды үйіне шақырған.
Дастархан басында әлгі екеуі қарияны соққыға жығып, одан ақша талап еткен. Зейнеткер ақша алып келемін деген сылтаумен дәлізге шығып, кіреберісте шкафта тұрған аңшы мылтығын алып, қонақтарының біреуінің аяғына, екіншісінің - ішіне оқ атқан. Үшіншісі көшеге қашып шығып, адамдардан жедел жәрдем мен полиция шақыруды өтінген.
Жаралылар аудандық ауруханаға жеткізілді. Полиция келген кезде зейнеткер үйінде болған. Қазір ол ешжаққа кетпеу туралы қолхатпен үйіне қайтарылды. Бұл факті бойынша ҚР Қылмыстық кодексінің 109-бабы - «қажетті қорғанудың шегінен шығып, денсаулыққа ауыр зиян келтіру» бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сондай-ақ жараланғандарды да қылмыстық жауапқа тарту мәселесі қаралуда.