Басылымның мәліметінше, Душанбе қаласы басшылығының шешіміне орай дәстүр бойынша 8 Наурыз - Ана күні қарсаңында қаладағы жол-пайдалану басқармасының көше сыпырушы әйелдеріне 500 сомони мөлшерінде (шамамен $100) сыйақы берілетін болды.
Жалпы алғанда, көше тазалау жұмыстарына қатысатын 2 мың 131 әйелге осындай көлемде сыйақы беріледі.