8 жасар бала Францияның футбол құрамасының жаттықтырушысы қызметіне өз кандидатурасын ұсынды

АСТАНА. Ақпанның 1-і. ҚазАқпарат - Француздың футбол федерациясының президенті Жан-Пьер Эскалетт күтпеген хат алып отыр.

Николя есімді 8 жасар бала өз кандидатурасын ... Францияның футбол құрамасының жаттықтырушысы, атақты Реймон Доменектің орнына ұсынған.

Футбол федерациясы басшысының хабарлауынша, «хат сауатты және жақсы жазылған», жаттықтырушылықтан үміткер жас пері парақтың екінші бетінде болашақ команданың өз құрамын ұсынған. Эскалетт мырзаның айтуынша, «ол ұсынған құрам классикалық үлгіге сай».

Бірақ та құрама жаттықтырушылығынан жалғыз Николя ғана үміткер емес, бұл қызметке Луис Фернандес те өтініш беріп отыр. Кезінде Франция құрамасының қатарында алпыс шақты ойын өткізген Луис Фернанденің, 8 жасар балаға қарағанда, мүмкіндігі көбірек. Оның үстіне, Фернандес ойыншы мансабын аяқтағаннан кейін «Пари Сен-Жермене, "Атлетик Бильбао" және "Реаль Бетис" сияқты командаларда жаттықтырушы болып жұмыс істеген. Ол жаттықтырушы ретінде Франция Кубогының және Франция Лигасы кубогының иегері.