Гүлжан Жанпейісқызы ҚАРАҚҰСОВА, мемлекет және саяси қайраткер
1950 ж. Алматы қаласында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетін бітірген (1972), экономист, саяси экономика оқытушысы.
Еңбек жолы: Қазақ мемлекеттік университеті саяси экономика кафедрасының ассистенті, аға оқытушысы, доценті (1972-1991); Қазақ мемлекеттік университеті «Экономика теориясы негіздері» кафедрасының профессоры (1991-1994); Қазақстан Республикасы Президентінің экономикалық реформалар жөніндегі көмекшісі (1994); Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Экономикалық кеңесшілер кеңесінің басшысы (1994-1995); Қазақстан Республикасы Құнды қағаздар жөніндегі ұлттық комиссияның төрағасы (1995-1996); «Қаржы нарықтары институты» қоғамдық қорының президенті (1997); Парламент Сенатының депутаты, Сенаттың Экономика, қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (1997-2001); Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі (2001-2007); IV шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (2007-2011); V шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (2012-2016); VI шақырылымдағы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы (2016 жылдан бастап); Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты жанындағы Сенаторлар Кеңесінің мүшесі.
«Парасат» (2005); ІІ дәрежелі «Барыс» (2011) ордендерімен; медальдармен; БҰҰ Балалар қоры (ЮНИСЕФ) естелік медалімен (2007) марапатталған.
Жәнібек Жұмаұлы ТАЙЖАНОВ, ҚР көлік вице-министрі
1982 жылы Ақмола облысының Еерейментау ауданында дүниеге келген. Т. Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетін, Қазақ қатынас жолдары университетін «экономист» (2003) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: әр жылдары «Қазақстан темір жолы» ҰК филиалдарында жұмыс істеген; ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің Көлік оқиғаларын тергеп-тексеру департаментінің директоры (2015-2018); ҚР ИИДМ Экономикалық интеграция департаментінің директоры (2018-2019); ҚР Индустрия және инфрақұрылымдарды дамыту министрлігінің Көлік комитеті төрағасының орынбасары (2019-2022); «Қазақстан темір жолы» ҰК «Жолаушылар тасымалы» АҚ бас директоры (2022-2024); ҚР Көлік министрлігінің Теміржол және су көлігі комитеті төрағасы (2024-2025).
Қазіргі қызметіне 2025 жылдың қыркүйегінде кірісті.
Болат Қуанышбекұлы СӘМБЕТОВ, Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары
1986 жылы дүниеге келген. Экономика және құқық колледжін «құқықтану» (2003), ҚазГЗУ Алматы заң академиясын «заңтану» (2008); Қазақ инженерлік, қаржы-банк академиясын «экономика және бизнес» (2012) мамандығы бойынша бітірген.
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінің Алматы қаласы бойынша департаменті заңнаманың сақталуын бақылау және талап қою жұмысы бөлімінің бас маманы (2008-2012); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі бақылау және талап қою жұмысы департаментінің бас сарапшысы (2012-2014); Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігінде заң департаментінің құқықтық қамтамасыз ету басқармасының басшысы (2014-2015); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестікті қорғау комитетінің Алматы қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары (2015); Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Алматы қаласы бойынша департаментінің басшысы (2015-2020).
2020 жылғы 21 қазанда Қазақстан Республикасының Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
Қазіргі лауазымына 2020 жылғы қазанда тағайындалған.
Елдос Бақтыбайұлы СМЕТОВ, дзюдошы, 2024 жылғы Олимпиада чемпионы
Жамбыл облысы Лугов ауданына қарасты Каменка (қазіргі Жалпақсаз) ауылында туған. Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері. Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің биология және биотехнологиялар факультетін бітірген.
2011 жылдан бері «Динамо» дене шынықтыру және спорт бірлестігінде қызмет етеді. Сметов Қазақстан жастар дзюдо құрамасында бақ сынасып жүргенде, жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында (2010 және 2011) алтын және қола медальдарды жеңіп алды. 2012 жылдан бастап ересектер құрамасында бақ сынасты. 2013 жылы Бангкоктағы Азия чемпионатында қола, Самсундағы Гран-при кезеңінде және Тбилисидегі Еуропа кубогі кезеңінде күміс, ал Варшавада өткен дзюдо бойынша ашық Еуропа кубогінде алтын медаль жеңіп алды. Ол 2015 жылы Астанада дзюдодан әлем чемпионы атанды, финалда тағы бір Рустам Ибраевты жеңді. 2016 жылы Рио-де-Жанейрода өткен жазғы Олимпиада ойындарында күміс медаль жеңіп алды. 2018 жылдың 17 наурызында Ресейдің Екатеринбург қаласында өткен «Үлкен дулыға» турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылдың сәуірінде Түркияның Анталья қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетті. Шілдеде Венгрияның Будапешт қаласында өткен Гран-при турнирінде жеңіске жетті. 2019 жылы Токиода өткен Олимпиада алдындағы әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды. Токиодағы жазғы Олимпиада ойындарында ол 60 келі салмақ дәрежесінде қола медаль жеңіп алды. Сондай-ақ, Ташкентте өткен дзюдодан әлем чемпионатында қола медаль жеңіп алды.
2024 жылы Парижде өткен Жазғы Олимпиада ойындарында Елдос финалда француз спортшысы Лука Мхеидзені жеңіп, алтын медаль иегері атанды.
3-ші дәрежелі «Парасат» және «Барыс» ордендерімен марапатталған. Қазақстан Республикасының халықаралық спорт шебері және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері.
Елдос Ғабидоллаұлы НЕСТАЙ, Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті төрағасының орынбасары
1993 жылы Қарағанды облысы Шет ауданы Талды ауылында туылған. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Тасымалдауды ұйымдастыру, көлік қозғалысы және пайдалану» мамандығы бойынша тәмамдаған (2014).
Еңбек жолы: Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігі басқармасының сарапшысы (2015-2017); Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігі басқармасының бас сарапшысы (2017-2019); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитеті Теміржол көлігі басқармасының басшысы (2019-2021); Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі Көлік комитетінің Теміржол көлігі және Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы (2021-2023); Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі Теміржол және су көлігі комитеті Жолаушылар тасымалы басқармасының басшысы (2023-2025).
Қазіргі лауазымына 2025 жылғы желтоқсанда тағайындалған.
Әкім Үртайұлы (Әкім Тарази) ӘШІМОВ – жазушы, сценарийші, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, КСРО кинематографиясының үздігі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының және Қазақстан Жазушылар одағы сыйлығының лауреаты, Жамбыл облысының құрметті азаматы.
1933 жылы Алматыда дүниеге келген. Қазақ педагогикалық институтын (қазіргі Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университеті) бітірген.
Еңбек жолы: әртүрлі қазақстандық баспа БАҚ-тарында - «Ара» журналында, «Казақстан пионері» газетінде жұмыс істеген (1956-1959); «Қазақфильм» киностудиясының редакциялық алқасының мүшесі, бас редакторы (1962-1970); «Литературная газетаның» (Мәскеу) Қазақстандағы тілшісі (1970-1971); Қазақстан Кинематографистер одағы басқармасының бірінші хатшысы (1971-1980); Қазақстан Жазушылар одағы басқармасының хатшысы (1986-1998).
1966 жылы тырнақалды туындысы «Құйрықты жұлдыз» повесі оқырманға жол тартты. «Үлкен ауыл», «Асу-асу», «Көкжиек», «Басынан Қаратаудың», «Кек», «Жаңбырлы түндер», романы «Москва-Баласаз», «Қорқау жұлдыз», «Жаза» повестер мен әңгімелер жинақтары жарық көрген. «Күлмейтін комедия» пьесасын, «Тұлпардың ізі», «Арман атаман», «Қараш-Қараш», т.б. кинофильмдерінің сценариін жазған.
«Құрмет белгісі», «Құрмет», «Отан» ордендерімен марапатталған.
Дүкенбай ДОСЖАН, жазушы, прозаик, ҚР Мемлекеттік сыйлығының және М.Әуезов атындағы Ұлттық сыйлықтың лауреаты
1942 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің филология факультетін бітірген.
Еңбек жолы: Алматы облыстық «Жетісу» газетінің әдеби қызметкері (1963-1966), Алматыдағы мемлекеттік «Жазушы» баспасында аға редактор, бөлім меңгерушісі (1966-1975). 11 роман, 22 хикаят, 100-дің үстінде әңгіме жазды. Ол әдеби аудармашы болып жұмыс істеді, Илья Эренбургтің «Он үш құбыр» әңгімелер циклін және қырғыз ақыны Сүйінбай Ералиевтің өлеңдерін қазақ тіліне аударды. 1974 жылы «Зауал» кітабы үшін «Молодая гвардия» баспасының «Қазіргі заманғы жақсы роман» сыйлығын, 1988 жылы Украинаның «Днепро» баспасынан шыққан «Жібек жолы» романы үшін «Тарихи тақырыптағы жақсы кітап» сыйлығын алған. Оның есімі Қазақ энциклопедиясында және АҚШ-тың «Әдебиет пен өнер адамдары» жинағында алтын әріптермен жазылған.