Бұған дейін ұрлықтар мен тонаушылық жасағаны үшін төрт рет сотталған ер адам мас күйінде тоғыз жасар қыз баланы есігін бұзып ашқан пәтерге алдап кіргізіп, пышақпен қорқытып, зорламақшы болды. Үйге қайтып оралған үй иесі мен оның достары педофилді ұстамақ болды, бірақ ол қашып үлгерді.
Бұдан кейін қылмыскер полицияға өзі келіп, оны ұрып-соққанын айтқан. Тәртіп сақшылары жанжалдың себептерін анықтап, «жәбірленушіні» ұстады.
Сот оны айыпты деп танып, қатаң режимдегі түзеу колониясында 15 жыл бас бостандығынан айыру жазасына кесті.