«Біздің жас аудиторияға дайындап отырған арнайы сыйымыз бар. Өздеріңіз білетіндей, соңғы жылдары елімізде қазіргі заманғы қазақ музыкасының түрлі бағыттары кең дамуда. Соның бірі - q-pop бағыты. Осы бағыт бойынша біз арнайы дайындаған жобамыз бар», - деді «Қазақстан» РТРК» АҚ Басқарма төрағасы Ерлан Қарин «Қазмедиада» өткен баспасөз мәслихатында.
Оның айтуынша, реалити шоуға белгілі продюсер, музыкант Ерболат Беделхан жетекшілік етеді.
«Ерболат Беделханның жетекшілігімен қыздар арасындағы q-pop бағыты бойынша орындаушыларды іріктеуге бағытталған реалити-шоу эфирге енетін болады», - деді ол.
Жастарға арналған жаңа реалити-шоу «Q-pop Idols» деп аталмақ.