ОРАЛ. 17 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университеті ғылым-білім кешенінің президенті, профессор, облыстық мәслихаттың депутаты Ақсерік Әйтімов ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі болып сайланды.
Аталмыш кешеннің ректоры, техника ғылымдарының докторы Сайранбек Ахметовтің айтуынша, бұл атақ академияның Алматы қаласында өткен жалпы жиналысы сессиясында берілген. А.Әйтімов «Аймақтық инженерлік саясат» мамандығы бойынша академиктік атаққа ұсынылған болатын. Сондай-ақ БҚО әкімінің бұрынғы кеңесшісі, қазіргі кезде Атырау облысы әкімінің орынбасары Тимуржан Шәкімов, «Батыс Қазақстан электр желілерін тарату компаниясы» АҚ президенті Яхия Чудров, Қазақстан инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің профессоры Алпамыс Ибраев мүше-корреспонденттікке өтті.
Ақсерік Әйтімов ҚР ҰИА БҚО филиалы төрағасы міндетін бірнеше жылдан бері атқарып келеді. Қазіргі кезде филиал құрамында үш академик, төрт мүше-корреспондент, үш академиялық кеңесші жұмыс жасайды.
Ғайсағали Сейтақ
1980 жылы А. Пушкин атындағы Орал педагогикалық институтын (М. Өтемісұлы атындағы БҚУ) қазақ тілі мен әдебиеті мамандығы бойынша бітірген. Тасқала аудандық «Екпін» газетінде тілші, бөлім меңгерушісі болды. Облыстық «Орал өңірі» газетінде тілшіліктен бас редакторлыққа дейінгі жолдан өтті. «Жайық Пресс» ЖШС бас директорының бірінші орынбасары қызметін атқарды. 2000 жылдан бері Kazinform халықаралық ақпарат агенттігінің БҚО-дағы меншікті тілшісі. Қазақстан Жазушылар және Журналистер одағының мүшесі. Республикалық «Жалын» журналы белгілеген Төлеген Айбергенов атындағы сыйлықтың (1987) және спорт журналистері арасында Сейдахмет Бердіқұлов атындағы сыйлықтың лауреаты (2015). «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері. Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты (2024).