тәртіптік кеңестің мүшелеріне жаңа басшысын - кеңес төрағасын таныстырды. Бұл жайлы аталмыш ведомоствоның баспасөз қызметіне хабарлады.
ҚР Президенті Әкімшілігінің келісімі бойынша ҚР мемлекеттік қызмет істері агенттігінің төрағасы Ә. Бәйменовтың бұйрығымен аталған лауазымға Ермағамбет Бөлекбаев тағайындалды. Ол осы уақытқа дейін Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша басқарма басшысы - Тәртіптік кеңестің төрағасы міндетін атқарып келді.
Е. Бөлекбаев Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетін, Гумилев атындағы Еуразия мемлекеттік университетін экономист және заңгер мамандықтары бойынша аяқтады. Өз еңбек жолында ҚР Индустрия және сауда министрлігінде түрлі лауазымдарды атқарды, Павлодар қаласының әкімдігінде аппарат жетекшісі, Павлодар облысының Павлодар ауданының әкімі қызметін атқарды. Агенттіктің Қарағанды облысы бойынша басқарма басшысы - Тәртіптік кеңестің төрағасы лауазымын 2009 жылдың маусымынан бастап атқарған.
Бұрынғы Агенттіктің Оңтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма басшысы - Тәртіптік кеңестің төрағасы Болат Үркімбаев атқарған лауазымынан өз еркімен босатылды. Ол ғылыми және шығармашылық қызметін жалғастыруды жоспарлап отыр. Б. Үркімбаев 40-тан аса ғылыми мақалалардың, монографиялардың, авторлық куәландырулардың, сондай-ақ «Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік қызмет» нормативтік құқықтық актілердің әдістемелік жинағының авторы. Осыған байланысты, Агенттік төрағасы А. Бәйменов Б. Үркімбаевтың үлкен ғылыми және зерттеу тәжірибесі мемлекеттік қызметшілерді оқыту жүйесін бұдан әрі жетілдіруде өз үлесін қосатынын атап өтті.
Өзінің жұмыс сапары барысында Ә. Бәйменов мемлекеттік қызметшілерді қайта даярлау және біліктілігін арттыру орталығының ұжымымен кездесті. Орталықты тәжірибелі маман Татьяна Шарый басқарады.
Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Асқар Мырзахметовпен кездесу барысында мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіру, мемлекеттік қызметшілердің біліктілігін арттыру, сондай-ақ, тәртіптік кеңестің жұмыстың жақсарту шаралары туралы мәселелерді талқыланды.