Бұл туралы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Павлодар облысы бойынша басқармасынан хабарлады.
Қызметтегі 9 қала және аудан әкімдері, жергілікті атқарушы органдардың 14 қызметкері, облыстық ревизиялық комиссияның 2 мүшесі, орталық мемлекеттік органдар аумақтық құрылымдарының 8 өкілі және 4 мемлекеттік емес қызметкер сыннан өтті.
Әңгімелесудің қорытындысы бойынша 35 үміткер оң, екеуі теріс бағаға ие болды.
Шешім ҚР Президенті жанындағы кадр саясаты жөніндегі ұлттық комиссияға жөнелтілді.