Заңнаманы білуіне тестілеуден өткен кандидаттар жеке және басқарушылық құзыреттерін (әдептілік, коммуникативтілігі, бәсекеге бағдары және сапаға бағдарын) анықтау тестіне жіберілді. Екінші күні кандидаттар логикалық вербальды емес тесттен (Равенна кестесі) және мемлекеттік тілді білуіне тесттен (ҚАЗТЕСТ) өтеді.
Айта кетейік, кандидаттарды тестілеу 15 мамырдан бері жүріп жатыр. Жалпы «А» корпусының кадр резервіне 2024 кандидаттан - олардың арасында мемлекеттік қызмет атқаратын да, мемлекеттік қызмет атқармайтын да кандидаттардан құжаттар түсті.