Жазушының жесірі Наталья Солженицына «ГУЛАГ архипелагы» романының қысқартылған нұсқасын баспаға дайындап отыр. ИТАР-ТАСС агенттігінің хабарлауынша, жазушының зайыбы қолжазбаны Білім министрлігіне тапсырған. Енді оны сарапшылар, мұғалімдер мен әдіскерлер оқып шығады.
1973 жылы шетелде басылған "ГУЛАГ архипелагы" романы КСРО-да тек 1989 жылы ғана жарық көрді және бұған дейін орта мектепте роман тек бейіндік деңгейде оқытылып келді. Енді бұл шығарма орта білімнің мемлекеттік білім стандарттарының федералдық құрамына енгізілгеннен кейін, романның үзінділерін зерттеу ресейлік барлық жоғары сынып оқушылары үшін міндетті болып отыр.