«17 жылдың ішінде қала халқы үш есеге жуық өсті. Жалпы өңірлік өнім көлемі 65 еседен астамға, ал өнеркәсіп өндірісі 17 есеге артты. Қазақстанның ішкі жалпы өніміндегі Астана үлесі үш есе өсім көрсетіп, инвестиция 16 есе көбейді. Қала елорда болған кезден бастап шамамен 16 млн. шаршы метр тұрғын үй салынды», - деді қала басшысы.
Оның сөзіне қарағанда, Астана қаласына 100 млрд. доллардан астам инвестиция құйылған.
«Бұл инвесторлар үшін өте жақсы мүмкіндік деп ойлаймын. Мұндай тұрақты әлеуетке ие бола отырып, инвесторларды шақырған кезде біздер сіздердің әрқайсыларыңыздың іскерлік мүдделеріңіз өздеріңіздің бизнестеріңіздің табыстылығына бағытталатындығын жақсы білеміз», - деді Ә.Жақсыбеков.