«ААҮ» корпорациясының қызметкерлері бір күндік жалақыларын Ақтөбедегі оқиғалардан зардап шеккендерге аударды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Елімізде ұлттық аза тұту күні «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы орталық аппаратының және дирекцияларының қызметкерлері Ақтөбе қаласында террорлық әрекет кезінде қаза тапқандардың отбасыларына көмек ретінде бір күндік жалақыларын аударды. Бұл туралы корпорацияның баспасөз қызметі хабарлады.

«Ақтөбеде орын алған қасірет әрбір қазақстандықтың жүрегіне терең әсер етті», - дейді «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Басқармасының төрағасы Данияр Еренчинов- «Мемлекеттік корпорация қызметкерлерінің атынан бұл бақытсыздыққа ұшыраған әрбір отбасының қайғысына ортақтасып, көңіл білдіремін. Террорлық әрекет құрбандары мен қаза тапқан әскери қызметшілердің отбасыларын қолдау үшін ақшалай қаржы есеп шоттарына жолданды».

Мемлекеттік корпорациясы қаза болғандардың туыстары мен жақындарына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез сауығып кетуіне тілектестігін білдірді.