Абай облысында полицейлер Тәуелсіздік күні жол қауіпсіздігін күшейтті

АСТАНА. KAZINFORM — Бір аптадан бері тәртіп сақшылары қолайсыз ауа райына байланысты тәулік бойы қозғалысты бақылап, жүргізушілерге қауіпті учаскелерден өтуге және колонналармен қауіпсіз жүруге көмектесіп келеді.

Фото: Александр Павский/ Kazinform

Абай облысы Полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, мереке күнінде де полицейлер қызмет орнында болып, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жатыр.

Сонымен қатар сақшылар азаматтарды Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнімен құттықтап, жолдағы қауіпсіздік әр жүргізушінің жауапкершілігінен басталатынын еске салды.

Полиция жүргізушілерді жол ережесін қатаң сақтауға шақырады.

Бұдан бұрын Абай облысында қызметтік иттердің көмегімен 28 қылмыс ашылғанын жазғанбыз.