Семейде жарыс кезінде Ертіс өзеніне көлік құлап кеткен

Фото: Фото: Polisia.kz

АСТАНА. KAZINFORM — Алдын ала мәлімет бойынша көлік ішінде төрт адам болған, деп хабарлайды Семей қаласы Полиция басқармасы.

2025 жылғы 5 қаңтарда сағат 06:00–де Абай облысы Семей қаласы Полковничий аралында Бүркіт ұясы маңында жеңіл автокөлік жардан құлап, Ертіс өзеніне түскені туралы хабарлама түсті.

— Алдын ала мәліметтер бойынша, көлік ішінде төрт адам болған. Оқиға орнына жедел түрде полиция қызметкерлері мен құтқарушылар жіберілді. Қазіргі уақытта іздестіру-құтқару жұмыстары жүргізіліп, оқиғаның барлық мән-жайы анықталуда. Полиция жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етудің маңыздылығын еске салады және барлық азаматтарды мұндай қайғылы жағдайлардың алдын алу үшін жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауға шақырады, — делінген хабарламада.

Еске салсақ, осыған дейін Шымкентте полицияны көлігімен қағып, қашып кеткен жүргізушіге қылмыстық іс қозғалғаны мәлім болды.