Абай облыстық табиғи ресурстар басқармасының басшысы тағайындалды

CЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасының басшысы болып Данияр Тоқтыбаев тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Данияр Жағыпарұлы 1976 жылы Павлодар облысы Краснокутск кентінде дүниеге келген. Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университетін және Қазақстан-Америка Еркін университетін бітірген.

Еңбек өтілін Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданы әкімі аппаратының құрылыс, сәулет, ТҮКШ және жолдарды дамыту бөлімінің маманы болып бастаған.

Әр жылдары ШҚО сәулет-құрылыс бақылау басқармасында, ШҚО құрылыс басқармасында, ШҚО Табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасында басшылық қызметтер атқарған.