Абай облысы Жарма ауданының әкімі тағайындалды

СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Абай облысы Жарма ауданының әкімі болып Жарқынбек Байсабыров тағайындалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Жарқынбек Борашұлы 1969 жылы Үржар ауданы Бірінші май ауылында дүниеге келген. Екі жоғары білімі бар.

Атап айтқанда, 1992 жылы Семейдің зоотехникалық-мал дәрігерлік институтын, 2008 жылы М.Әуезов атындағы Семей университетін аяқтаған.

«Құрмет» орденінің иегері.

Еңбек жолын 1992 жылы «Калинин» калхозында бастады.

1998-2004 жылдары «Ерасыл» шаруа қожалығының басшысы, 2004-2006 жылдары Некрасов ауылдық округінің әкімі болған.

2006-2008 жылдары аралығында Жоғары Егінсу ауылдық округінің әкімі лауазымын атқарса, 2008 жылдың сәуір айынан 2017 жылдың қарашасына дейін Үржар ауданы әкімінің орынбасары болып қызмет етті.

2017-2021 жылдары Абай ауданын басқарған.

2021 жылдан осы уақытқа дейін Бесқарағай ауданының әкімі болды.