Абай облысында 15 жасар оқушы қыз хабар-ошарсыз кетті

Фото: Фото: Абай облысы ПД
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат - Абай облысының полицейлері із-түзсіз жоғалып кеткен 15 жасар Юрченко Александра Михайловнаны іздеп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат жергілікті полицияға сілтеме жасап.

Кәмелдетке толмаған қыз 19 маусым сағат 15:00-де үйінен белгісіз бағытта шығып кетіп, әлі оралмаған.

Бойжеткен сұр түсті джинсы киіп, өзімен бірге қара түсті рюкзак алған.

Жасөспірімнің белгілері: спорттық дене бітімі, көздері жасыл, шашы ақшыл, иығынан төмен.

Іздестіріліп жатқан жасөспірімге қатысты қандай да бір ақпарат білсеңіз, +7 (707) 951-46-65, +7 (707) 503-26-43 немесе 102 телефондары арқылы хабарлауға болады.


Соңғы жаңалықтар