Азамат Қайырбекұлы Шығыс Қазақстан облысы Самар ауданында туған.
Қалалық мәслихат аппаратының нұсқаушысы, ШҚО құрылыс, сәулет және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының, ШҚО Құрылыс және сәулет басқармасының, ШҚО тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және жолдарды дамыту басқармасының бөлімдерінде еңбек етті.
ШҚО энергетика, ТҮКШ, құрылыс және көлік басқармасы басшысының орынбасары қызметін атқарған.
Айта кетейік, бақылау басқармасы мемлекеттік сәулет-құрылыс және еңбек инспекциясы мәселелерімен айналысады.
Еске салсақ, осыған дейін Абай облысының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық басқармасына, дене шынықтыру және спорт басқармасына басшылар тағайындалғанын хабарлаған едік.