Абылай Мырзахметов Маңғыстау облысының құрылысшыларын құттықтады

АҚТАУ. 9 тамыз. ҚазАқпарат - Бүгін «Атамекен одағы» Қазақстанның Ұлттық экономикалық палатасы басқармасының төрағасы Абылай Мырзахметов Ақтау қаласындағы құрылыс компаниялардың басшыларын кәсіби мерекелері - Құрылысшылар күнімен құттықтады.

Алғыс хаттарын «ТАС» ЖШС-нің директоры Жаңбырбай Базарбаев, «Қайсар-Сервис» ЖШС-нің директоры Ұлболсын Ахметова алды. Бұл екі компания жерді пайдалану саласында жұмыс істеп, ұлутасты өндіріп, сатады.

Осындай марапаттарға сондай-ақ «АҚТАУЦЕНТРСТРОЙ» ЖШС-нің директоры Ильхам Абдоллаев және «Багис» ЖШС-нің директоры Айдар Ысмағұлов бөленді. Бұл компаниялар азаматтық және өнеркәсіптік ғимараттар мен құрылыстарды жобалау және салумен айналысады, кез-келген қиындықтағы құрылыс-монтаждық жұмыстарды іске асырады.

Абылай Мырзахметов «ДизайнРемСервис» ЖШС-нің директоры Мақпал Қанатоваға, Валентина Поповаға («ДОЦ» ЖШС), Самат Мұсабаевқа («СМК-4» ЖШС), Рузан Әлмәмбетоваға («БАЗИС АҚТАУ» ЖШС) Алғыс хаттар тапсырды.

Бұдан басқа, «Атамекен» одағы» ІІ дәрежелі медалімен Маңғыстаудағы «Болашақ» институтының ресторы Мұхит Қаламқалиев пен ІІІ дәрежедегі медальмен «Теміртас» ЖШС-нің директоры Досай Таңатаровты марапаттады.